Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

"Қазақфильм" өрттің салдарын анықтауда

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Қазақфильм" киностудиясында өрт салдарынан ішкі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қазақфильм" өрттің салдарын анықтауда

"Алматы қаласының Полиция департаменті "Қазақфильм" киностудиясының аумағында болған өртке байланысты қылмыстық іс қозғады. Қала билігімен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі бұл істі ерекше бақылауда ұстайды. Әрине, біз "Қазақфильмде" ішкі тергеу жүргізіп жатырмыз. Жүргізіліп жатқан тергеудің жекелеген мүддесі үшін әлі түсініктеме беруден бас тартуға мәжбүрмін", деді Ақан Сатаев.

"Аталған жайт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастап та кетті. Тиісті сараптамалар тағайындалады, олардың нәтижелеріне сәйкес өрттің нақты себебі белгілі болады. Алдағы уақытта ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қадыладнады", дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

14 тамыз күні кешқұрым "Қазақфильм" студиясының аумағы өртене бастады. Өрттің алғашқы жалыны 400 шаршы метрді алып кетті. Ол 23.10-да сөндірілді. Ал өрттің екінші толқыны 200 шаршы метрде жалмап, тек 23.26-да ауыздықталды. Зардап шеккендер болған жоқ.

"Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев мәлім еткендей, қызыл өрттің салдарынан "Қазақ хандығы" кинокартинасының декорациясы мен орман қоймасы жанып кеткенін қоса кетті.

"Әлбетте, бұл өрт болды. Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ. Міне, бүгінгі күні бізде болған шығын салыстырмалы түрде аз, сондықтан біз өз жұмысымызды жалғастырамыз. Біз мұның бәрін істеген қылмыскерлерді табамыз деп үміттенемін", деді режиссер.

Киностудия әкімшілігі бұған дейін Төтенше жағдай департаментінің және полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ Алматы әкімдігіне жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірген болатын. Өртті сөндіруге NOMAD тобының каскадерлері де қатысты.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.