Туризм • 18 Тамыз, 2020

Каравайнерлер желісі – туризмді дамытуға таптырмас мүмкіндік

272 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Карантин кезеңінде көптеген қазақстандық көңілі қалаған шетелдік демалысқа бармай-ақ, еліміздегі табиғаты көрікті жерлерді танып білді. Еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген жағымды пікірлер есту көңіл қуантарлық жайт, әрине. Десе де қоршаған ортаға зиянын тигізгендер де кездесті.

Каравайнерлер желісі – туризмді дамытуға таптырмас мүмкіндік

Жуырда қазақстандық туризм­нің даму мүмкіндігі мен келе­шегі «Елбасы Академиясы» корпо­ративтік қорының сараптамалық алаңында өткен Салалық менед­жерлерді дайындау бағдар­лама­сына қатысушылар мен ата­лған саланың өкілдерінің қаты­суымен өткен талқылаудың тақырыбына арқау болды.

– Бүгінгі таңда қолданыстағы Туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасында осы саланың ІЖӨ үлесін 8%-ға дейін арттыру міндеті қойылған. Бұл қазір­гі жағдайды есепке алсақ, өте үл­кен мақсат, – деді «Елбасы Акаде­миясы» корпоративтік қорының директоры Фархад Қуанғанов. – Сонымен қатар бағдарламада ұсынылған туризмді дамыту бағ­дарламасы көп мөлшерде дәстүрлі болып қалады, мемлекет пен бизнес әріптестігі түріндегі жүйелі жұмысқа көп назар аудару қажет.

Сала менторы, «Жібек жолы компаниясы» ЖШС директоры Тимур Дүйсенғалиев саланы дамытуға бір жағынан автономия әсер етуі мүмкін екенін, себебі туризм саласы өзіндік құрылым болып табылмайтынын, сондықтан Үкіметке тікелей шыға алатын ведомствоаралық кеңес құрудың маңызын алға тартты, туризм бойынша ведомство құрылымының үлгілік моделі ретіндегі Франция тәжірибесін атады. Оның айтуынша, негізгі кедергі – саланың жеткіліксіз түрде қаржыландырылуы, себебі көп жағдайда шығынның қажеттілігін дәлелдеу мен дәйектеу қиын.

Ал ақпараттық технология мен қонақүй бизнесін цифрлы басқару саласындағы сарапшы Тимуджин Дис Францияда аталған мәселе технологиялық инфрақұрылым есе­бінен шешілетінін айтады. Оның пікірінше, мұндай ақпараттық инфрақұрылымның ар­тықшылығы, нақты уақыт ре­жі­мінде бүкіл ақпаратты қада­ғалау мүм­кіндігінен тұрады. Техно­ло­­­гиялар абсолютті әділдік пен адал­­­дықты қамтамасыз етуге мүм­­­­кіндік береді, салық төлеуден жал­таруға мүмкіндік болмайды, қа­ра касса болмайды, ал мемлекет қар­жылық механизмдерді қада­ғалай алады. Нәтижесінде бюджетке салықтық түсімдер көбірек түседі.

Сондай-ақ туризмнің қолже­тімді түрлерін дамыту мен білікті мамандарды дайындау мәселелері де талқыланды. Қазақстандық кемпингтік туризм және карава­нинг қауымдастығының пре­зи­денті Баян Шапағатова туризм­нің караванинг сынды қолжетімді түрін қысқа мерзімді келешекте дамытуға көңіл бөлуге шақырды. Ол курорттар құрылысы қымбат жобалардың орнына каравайнерлер тұрағы желісін құру қажет деп есептейді. Туризмнің аталған түрі соңғы кезде жылдам даму үстінде, бір ғана Қытайдың өзінде автоүйлер өндіретін төрт зауы­т болса, елдегі каравайнерлер клубына мүше адам саны 5 млн адамды құрайды екен. Пандемия кезеңінде бұл сала танымал бола түсті. Еуропада автоүйлер сатылымы 25%-ға, АҚШ-та 500%-ға арт­қан, зауыттар сұранысты қам­тамасыз ету үшін түнде де жұмыс істейді. Осындай жер көлемі мен Ұлы Жібек жолына ие бола отырып, біз караванингті дамытуға міндеттіміз, дейді ол. Бұл үшін Батыс Еуропа – Батыс Қытай авто­жолының бойына қымбат емес инфрақұрылым қажет.

Кездесу аясында білім беру мен қонақүй бизнесін басқару сала­сындағы халықаралық сарап­шылар Қазақстандағы кәсіби оқы­ту мен туризм және қонақүй биз­несі саласындағы кәсіби мамандарды дайындау идеяларының таныстырылымын өткізді.

«Қазақстанда қонақүй бизнесі мамандарын дайындайтын 300-ден астам жоғары оқу орны бар, бірақ ешкім қонақүйлерге тәжірибеден өтуге бармайды. Туризм мен қо­нақүй бизнесінде білікті маман­дар­дың жеткіліксіздігінен оның Қа­зақ­стан­дағы үлесі 1,9%-ды құ­­райды», деп есептейді Capital Partners ком­паниясының бизнесті да­мы­ту бо­йын­ша директоры, бағ­дар­­лама менторы Тарык Волкан Оскай.

Мәселенің шешімі ретінде ағым­дағы жағдайды есепке ала отырып, онлайн түрде іске қосыл­ған таны­мал үлгі – студенттер ал­масу­ды қарас­тыру ұсынылды. Яғни, қазақ­стандықтар үйде отырып туризм және қонақүй бизнесі саласы бойын­ша халықаралық диплом ала алады. Практикалық сабақтар ретінде 3d-турлар мен тікелей стримингтік сер­вистер сынды заманауи технологиялар қолданылады.

Кездесуді салалық менеджерлер командасының көшбасшысы, Ұлттық туризм индустриясы қа­уым­­дастығының президенті Гау­хар Жеңісбек қорытындылады.

– Біздің команда саланы түр­лендіру мен жаңарту бо­йын­ша халықаралық әріптес­теріміздің тәжі­рибесін зерт­теді. Мүм­кіндік­терімізді, ментали­тетіміз бен құ­ры­­лымымызды ескере отырып, елімізде қандай құралдарды қол­дануға болады? Біздің саланы дамыту моделіміз нарықпен тығыз жұмыс істеуді, басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруды қамтиды. Сондықтан бизнес қауымдастық өкілдерін біздің трансформация бағ­дарламасына қосылуға шақырамын, – деді ол.

Пікірталас алаңдары арқы­лы жұмыс істеу механизмі өзге­рістерді басқару бойынша сала­лық менеджерлерді даярлау бағ­дарламасының бөлігі болып та­былады. Салалар бойынша тал­қылаулар тұрақты негізде жүр­­гізіледі. Еске сала кетейік, ірік­теліп алынған мамандар тобы эко­но­миканың 11 саласындағы 45 ма­ңызды міндетті шешу бойынша жұ­мыс істеуде, ағымдағы жылдың соңына қарай барлық командалар Үкіметке өз көзқарастарын ұсынады.