Қоғам • 18 Тамыз, 2020

Өңірлерде ахуалдың оңалғаны байқалады

147 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастардың саны 87 777-ге жетіп, жалпы көрсеткіш 80,3 пайызды құрады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

Өңірлерде ахуалдың оңалғаны байқалады

Денсаулық сақтау министр­лігінің медиа орталығына түскен ресми статистикаға сәйкес, Қа­зақ­станда осы жылдың 13 наурызынан бастап бүгінге дейін коронавирус инфекциясымен 103 033 адам ауырды. Жазылып шыққан науқастардың саны 87 777-ге жетті немесе жалпы көрсеткіш 80,3 пайызды құрады. Өкінішке қарай, 1 415 адам қайтыс болды.

Соңғы бір тәулікте 1 219 адам жазылып шыққан. 18 841 адам ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Оның ішінде 99 бала бар. 3 279 адам стационарлық, 15 562 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Емделіп жатқан науқастардың 3 пайызының немесе 509 адамның денсаулығы ауыр және өте ауыр деп бағаланып отыр. Атап айтқанда, 406 адамның жағдайы ауыр және 103 адамның денсаулығы өте нашар. 72 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бұған қоса Бағдат Қожах­метов соңғы аптада елімізде коронавирус індетін жұқтыру көр­сеткіші азайып келе жатқанын жеткізді.

– Соңғы 2 аптадағы жағдайды салыстырмалы түрде жеткізсем, 3-9 тамыз аралығында 7 108 адам коронавирус жұқтырған. 222 адам қайтыс болды. ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен 7 940 жағ­дай тіркелген. 122 адам көз жұмды. 10-16 тамыз аралығында жағдай біршама өзгерді. Яғни, соңғы аптада COVID-19 вирусын 3 995 адам жұқтырды. 151 адам қайтыс болды. ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен 5 344 жағдай тіркелді. 64 адам қайтыс болды. Осы аталған кестеге қарап, елімізде індет жұқтыру жағдайы азайып келе жатқанын байқауға болады. Ал енді коронавирусқа ұқсас, бірақ ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен жағдайлар бойынша жалпы мәлімет мынадай: қазір 18 606 науқас тіркелді, 218 адам қайтыс болды, соңғы бір тәулікте 141 адамның ауырғаны анықталды, – деді ресми өкіл.

Сондай-ақ ол мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шаралардың нәти­жесіне тоқталып, коронавирус инфекциясының тара­луы күннен-күнге төмен­деп жат­қаны, сәйкесінше меди­ци­налық мекемелердің жүкте­месі азай­ғанын атап өтті. Салыс­тырма­лы түрде 2020 жылдың 15 шілде­сіндегі жағдай бо­йынша прови­зорлық емдеу орындары мен стацио­нарларда 17 798 төсектік орын болып, сол тұста жүктеме 57 па­йызды құраса, қазір аурухана­ларда жатын орындардың саны – 37 мың, жүктеме – 29 пайыз. Тіпті кейбір өңірлерде нау­қас­тар түгел жазылып шы­ғып, ауруха­налар босаған. Түр­кіс­тан облы­сының Ордабасы аудан­ында­ғы инфекциялық бөлім қазіргі уақытта бос тұр, яғни Ордаба­сы ауданында коронавирус інде­тімен ауырып жатқан науқас жоқ.

Жедел жәрдемге түсетін ха­бар­­ламалар көлемі аймақтарда айтар­лықтай азайған. Өткен апта­да Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят халық ең көп шо­ғыр­ланған Шымкентке жұ­мыс сапарымен барып келді. Онда 5 аптаның ішін­де ауру­ха­налардағы емделуге ар­нал­ған жатын орындардың жүкте­­месі 60 пайызға дейін төмен­деген. Мұндай жағымды нәти­же­лер елі­міздің барлық өңірінде бай­қа­лады. Бірақ жағдай жақсарды екен деп сақтық ережелерін бұзуға болмайды.