Әлем • 19 Тамыз, 2020

Жер бетіндегі ең жоғары температура

1932 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең ыстық ауа температурасы өткен жексенбіде тіркелді. АҚШ-тың оңтүстік-батысында орналасқан Калифор­нияның Мохаве шөліндегі Ажал алқабында ауа температурасы 54,4 градусқа жеткен.

Жер бетіндегі ең жоғары температура

Лас-Вегастағы метеорологиялық қызмет бюро­сының метеорологы Дэниел Берктің айтуынша, ылғалдылық 7 пайызға дейін төмендеп, құрғақ ыстық болған. Тұрғындарға сыртқа шықпауға, шыққан жағдайда ыстықтан қорғануға кеңес берілді. Д.Берк сондай-ақ АҚШ-тың батыс бөлігіндегі ыстық ауа райы апта бойы жалғасатынын хабарлады.

Сарапшылар мұндай көрсеткіштің соңғы жүз жылда, тіпті ешқашан тіркелмегені мүмкін екенін айтады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым тарихта бұдан да жоғары ауа температурасының болға­нын мәлімдеген. Дегенмен, ауа райы маманы Крис­тофер Берт өз зерттеуі негізінде әлгі мәлімде­меге күдік келтірді. Оның айтуынша, ескі жазбаларда бақылаушының қателігі болуы ықтимал...

Климаттың өзгеруі жаһандық температураны жаңа деңгейге көтерді. Еуропада Солтүстік Испания шілдеде жергілікті ауа температурасының рекордын тіркеді, ал Францияда бидай алқаптары өртенді. Ресейде Сібір ормандарында бұрын-соңды болмаған орман өрттері орын алды.