25 Қазан, 2013

Маскүнем жүргізушілер бас бостандығынан айрылуы мүмкін

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 10- avtoЕліміздің Қылмыстық кодексіне маскүнем жүргізушілерді бас бостандығынан айыратын бап енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодекс 422 баптан тұрады. Жаңа заң жобасы негізінде оның санын арттыру көзделген. Себебі, ол осы уақытқа дейін бірнеше рет өзгеріске ұшырағанымен, әлі де толықтыруларды қажет етеді. Басым бөлігі қоғамдық қылмыстарға қатысты болып отыр.

«Егер жүргізуші жол апатын ішімдікке бой алдырып жасаса, онда ол ауыр қылмысқа жатқызылады. Яғни, оны бұрынғыдай екі тараптың татулығымен шешуге болмайды. Қылмыстық кодекстің жаңа жобасы бойынша, қаза тапқан әр адам үшін жүргізушінің бас бостандығы шектеледі. Мысалы, 1 адам көз жұмса 7 жылға дейін, 2 азамат үшін 12, одан көп болса 15 жылға дейін темір торға қамалады»,-дейді Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Жоғарыда көтерілген мәселеге байланысты түсініктеме берген Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев бас бостандығынан айрылған азаматтарға 95 ұстау абақтысын ашу қажеттігін мәлімдеді. Дегенмен, нақты жұмыс алдағы уақытта шешімін табады.

Бақытбек Кенешұлы.

 

Соңғы жаңалықтар