Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Шымкентте ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілді

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрғынүй аулаларындағы спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілді

Атап айтқанда, Нұрсәт, Тұран шағынаудандары, Достық пен Қайнарбұлақ тұрғын алаптары және Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан 10 ашық спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстарын «АлемСтрой-1» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Спорт алаңшаларына 50 орындық пен 50 қоқыс жәшігі орнатылды. Сондай-ақ, қосымша элементтер ретінде 15 жаттығу тренажеры мен арнайы «Street Workout» жаттығуына арналған спорттық құралдар қойылды.