Экология • 23 Тамыз, 2020

Қазақстанда ақбөкендерді қорғау ерекше назарға алынды

1572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде ақбөкендердің саны көбейіп келеді. Жағымды нәтижеге мемлекеттік қауіпсіздік шараларын күшейту мен табиғат инспекторларының материалдық-техникалық жарақталуын жақсарту септігін тигізді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстарды қорғау министрлігінің бастамасымен Ақмола облысындағы "Қорғалжын" қорығына ұйымдастырылған баспасөз туры барысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Қазақстанда ақбөкендерді қорғау ерекше назарға алынды

Суреттерді түсірген Ерлан Омар, «EQ»

Табиғат сақшылары журналистерге күнделікті жұмысы және жабайы жануарларды браконьерлерден қорғаудағы қауіп-қатер байланысты мәліметтерді айтты.

Ақмола облысындағы "Охотзоопром" инспекторлар тобының басшысы Достай Нұрбековтің айтуынша, бүгінде өңірде шамамен 70 мыңға жуық ақбөкен бар.

1

Жануарларды қорғауды күшейту және мемлекеттік бақылауды арттыру арқылы олардың саны көбейгені байқалады. Аймақта киіктердің өсіп-өнуіне қолайлы табиғи жағдайлар, оның ішінде қажетті азық пен қолайлы климат ықпал етеді.

1

"Бұрын техникамыз ескірген көліктер болған, мұндай көліктермен қызметті орындау қиынға соғатын. Браконьерлердің техникасы біздікінен әлдеқайда жақсы”, дейді Достай Нұрбеков.

Тиісті заңға сәйкес, ерекше жағдайларда, өмірге қауіп төнгенде инспекторлар қару қолдануға құқылы.

1

"Әр инспекторда оқ өткізбейтін көкірекше, карабин немесе тапанша бар", деген Д.Нұрбеков енді біркелкі киім кию мәселесін жақсарту қажет екенін айтты

Жыл басынан бері Қазақстанда ұсталған браконьерлерден 256 тұтас ет пен 1245 киіктің мүйізі, сондай-ақ 5 қарақұйрық пен 2 ителгі тәркіленді. Айтылғандардың бәрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

1

 1

1

1