Американың Лас-Вегас қаласында өткен бұл жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Техникалық нокаутпен жеңілген Мария Агапова октагоннан өздігінен түсе алмағандықтан, жерлесімізді ауруханаға зембілмен алып кетті.
Еске салсақ, аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Мария Агапова осы жылдың 13 маусымында UFC Fight Night 172 турнирінде өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті нокаутпен тізе бүктірген болатын.