Аймақтар • 29 Тамыз, 2020

Төрт адамның өмірін жалмаған өрт

968 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше таңғы сағат төртте СҚО Есіл ауданындағы Ильинка селосында бір үйдің өрттеніп жатқаны туралы ТЖ қызметіне дабыл түскен, деп хабарлайды Egemen.kz

Төрт адамның өмірін жалмаған өрт

Бұл аудан орталығынан 42 шақырым жердегі елдімекен. Өрт сөндіруге Явленка селосындағы өрт сөндіру бөлімшесіндегі қызметкерлер аттандырылады.

Өкінішке қарай, бұлар жеткенде өрттің жалыны күшіне мінген сәт екен. Ол ағаштан қаланған тұрғын үйді, ауланы, моншаны түгел құшағына алған. Осы селодағы өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өртті құрықтауға шамасы жетпей қалған. Су алатын жер үш шақырым жерде болған соң, өртті жедел сөндіру оңай емес. Аудандық бөлініс қызметкерлерінің күшімен өртті тек таңғы алтының кезінде ғана сөндіруге қол жеткізіледі. Өкінішке орай өрт ішінде екі ер, бір әйел және бір бала қалып, мерт болды.

Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Ол 188 шаршы метр жерді шарпыған.