"1994 жылы туған азаматша несие картасын жоғалтқанын мобильді телефонына ақша шешілгені туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген. Оның несие картасымен бірге пин-код нөмірі қағазда жазулы болған. Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іс шаралар кезінде күдікті Ақтөбе облысының тұрғыны екені анықталды. Қазір 40 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлады департамент бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев
Оның мәліметінше, биылғы жыл басынан бері Атырау облысында интернет-алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі тіркеліп отыр. Алаяқтық қылмыстардың 150-ден астамы ашылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылыпты.