Аймақтар • 29 Тамыз, 2020

Атырауда шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін жалғасады

3549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов шектеу шараларын 14 қыркүйекке дейін ұзарту туралы арнайы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін жалғасады

"Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ден 14 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын. Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті", делінген қаулыда.

Сондай-ақ тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына сағат 00:00-ден 6:00 аралығында жүруге, думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, отбасылық, еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзгеде шаралардың өткізілуіне, ойын-сауық орталықтарының (бильярд, компьютерлік клуб, кальян, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, кинотеатрлар және басқа да ойын-сауық мекемелерінің), фудкорт, банкет залдары, бар, караоке, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, аттракциондардың қызметіне, адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін алаңдарда, саябақтарда, скверлерде, жағалауларда уақытша шағын бөлшек саудаға, балалардың ойын, жылжымалы құралдарын жалға беруге тыйым салынды.