Білім • 01 Қыркүйек, 2020

Онлайн vs офлайн оқу жүйелерінің қайсысы озық?

863 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Пандемияға байланысты еліміздегі оқушылар сабақты қашықтан оқуға мәжбүр. Мұғаліммен тікелей байланыста бол­маған­нан кейін білімді айтарлықтай жетілдіру оңайға соқпасы анық.

Онлайн vs офлайн оқу жүйелерінің қайсысы озық?

Биыл жүргізілген зерттеуге сәй­кес Қазақстан мектеп білі­мі бо­­йын­ша әлемде 62-орынды ие­ле­ніп­ті. Қытайдан жоғары тұр­сақ та, Қыр­ғызстаннан біршама ке­йін қа­­лып­­пыз. Ал енді, қашықтан оқитын болсақ, оқушы­лар­дың бі­лім сапасы айтарлықтай тө­мен­­де­йін деп тұр. Осы ретте өзге ел­дер­дің азаматтары бұл тұрғыда қан­­дай ойда екенін зерделеген едік.

Жақында New York Times га­зе­тінде Ханс Тапария «бұрыннан «хобби» деп санайтын ғалам­тор­лық білім пандемияға қарсы коро­навирустың қаржылық күй­зе­лістерінен құтқаратын күміс оқ болуы мүмкін» деп жазды. Соны­мен қоса Microsoft Corpo­ration ком­паниясының негізін қа­лау­­шысы Билл Гейтс және гу­бер­­­натор Эндрю Куомо «Бізде тех­но­ло­гиялар болған кезде неге бұл ғимараттар қажет? Сы­­нып­­тың «ескі моделі» аяқ­тал­ды. Ком­пьютермен және ноутбуктармен білім беруді алдыңғы кезекте қайта ойластыратын кез келді», деп баяндады.

Бұл – мүмкін бір жағынан тиім­ді де шығар, бірақ студенттер мен оқушылардың көбісінің көңілінен шыға бермейтін бағыт. Иә, бұл ба­ғытты ұдайы ұстанбаспыз. Де­ге­н­мен, уақытша білімге бей-жай қарауға болмайды. Қазақстан қашықтан оқыту сабақтарына  материал­дық тұрғыдан да, мораль­дық тұрғыдан да дайын ба? Әр отбасы әртүрлі. Кейбірі бала­ларын қашықтан оқыту үшін қа­жетті техни­каны алып бере алмайды. Сол се­­бепті, министрлік 500 мың­ға жуық компьютерді аса мұқ­таж отбасы­ларға беруді көз­деді. Әзірге тек 1 тоқсан ғана қашықтан  режім­де оқылатыны расталды. Ата-ана­ларға да, оқушыларға да оңай­­лыққа түспейді. Дегенмен бі­лім алу үшін бәріне дайын болуы керек.

 

Аружан ӘЛИЕВА,

Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясының 11 «Ә» сынып оқушысы

 

АЛМАТЫ