Саясат • 01 Қыркүйек, 2020

Екі күнде 8,5 мың тұрғынға кеңес берілді

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын ұзартуды тапсырды. Акцияның алғашқы екі күні ішінде 8,5 мың адам кеңес алды.

Екі күнде 8,5 мың тұрғынға кеңес берілді

Тәжірибе көрсеткендей, жүгінген әрбір бесінші адам армениялық нөмірі бар авто­көлік құралын тіркеу тәр­тібіне қызығушылық таныт­ты. Оның ішінде 840-тан ас­там адам көлік құралдарын рәсімдеу бойынша кеңес ал­ды. Қазір бұл ең өзекті мәселе болғандықтан, көптеген тілек білдірушілердің барлық сұрақ­тарына мүмкіндігінше жауап ала алатындай етіп, азаматтарға жағдай туғызып, акцияны жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Әлеуметтік желілерде ішкі істер органдары бөліністері­нің ресми аккаунттарында жарты мыңнан астам тіке­лей эфир өткізілді. Полиция қызмет­кер­лері 3,7 мың сұраққа жа­уап берді. Сондай-ақ азаматтар «қауырт желі» телефондарына хабар­ласып, 450 кеңес алды.

Нәтижесінде «Жолдағы қабылдау» акциясының 2 кү­нінде Армения Респуб­ли­касы­нан әкелінген 900-ден астам автокөлік тіркелген. Соны­мен қатар тұрғындар­ды әкім­шілік айыппұл төлеу, жүргізу­ші куәлігін беру және басқа да мәселелер қызық­тырды.