Пікір • 02 Қыркүйек, 2020

Ұлт денсаулығын нығайтуға мүмкіндік

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын мұқият тыңдадық. Өз сала­мызға қажетті тұстарын түртіп алып отырдық.

Ұлт денсаулығын нығайтуға мүмкіндік

Біріншіден мемлекеттік қызметтегі өзгерістер туралы айтқаны көңілге қонымды. Расында пандемия кезінде көптеген мекеме қызметкерлері қа­шықтан жұмыс істеді. Өнімді жұмыс істеді. Соның өзінде жұмыстары тұ­ралап қалған жоқ. Жергілікті жер­лердегі билік өкілдері жоғарғы жаққа жалтақтамай өздігінен жауапты әрі дұрыс шешім қабылдап жатқанын көрдік. Яғни, Президент айтқандай, мемлекеттік қызметте оңтайландыру керектігін карантин уақыты дәлелдеді. Бұл шешім минималды жалақыға жауапты жұмыс атқарып жүрген қызметкерлер үшін тиімді болмақ. Әлбетте, талапты күшейтіп, қызмет сапасын арттыра түсу керек. Оның үстіне мемлекеттік қызметтің статусы көтеріліп, сыбайлас жемқорлыққа тұсау болады.

Тағы бір назар аударғым келген мәселе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға ал­ғаны. Мәселен, мәслихаттың маңыз­ы қан­дай? Шынтуайтына келгенде, мәсли­хат жұмысы заң жүзінде болға­нымен маңызды мәселелерді шеше бермейді. Енді Жолдаудан кейін жер­гілікті басқару жүйесі жұмыс істей бастайтын шығар.

Президент Жолдауында денсаулық сақтау саласын да назарынан тыс қалдырмады. Өзім алпыстан асып бара жатқан соң бұл мәселені де ден қойып тыңдадым. Дәрігерлер бір ауруыңды емдесе, біреуін қозғап алып жататыны жасырын емес. Енді Президент атап көрсеткендей, зейнетақы қорындағы қаржыны емге жұмсап жатсақ құба-құп болар еді. Ұлт денсаулығын сақ­тау үшін бұл үлкен мүмкіндік. Сол сияқты зейнетақы қорына жиналған ақшаны үй алуға да пайдаланып жатса, көптеген отбасы баспана мәселесін шешер еді. Әсіресе жас отбасыларға тиімді болмақ. 

Жолдауда көтерілген бірқатар баста­маның бірі – шағын және орта бизнестің жағдайын жақсарту. Өзде­ріңіз білесіздер, Шығыста тау-кен өнеркәсібі дамыған. Бірақ әлде де дами түсу керек. Былайша айтқанда, темірді балқытып экспорттай бермей, өңдеп өнімін сатсақ, мемлекеттің экономикасына анағұрлым пайдасын тигізер еді.

Қорыта келгенде Президентіміз дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын егжей-тег­жейлі баяндады. Жүзеге асуы әр қазақ­стандыққа тікелей байланысты.

 

Олег ЧЕРНЫШОВ,

«Талдау және болжау институты» ЖШС директоры

 

ӨСКЕМЕН