Қазақ не көрмеген деп кейде көлгірситініміз бар. Көре беру міндет емес шығар. Иә, қазақ көрмеді емес, көрді. Оны жоққа шығара алмаймыз. Бүгін ондай жел сөзбен ақталам деу ағаттық. Бұрын бәрін өзге көрсетті. Төздік. Көндік. Тәубе, қайта жандандық. Іргелі ел болдық. Оған да отыз жылға таяп қалды. Олай болса, өткенді айта берудің қажеті шамалы. Әр нәрсенің жөн-жосығы, орны болады.

Әлем зұлымдығын ұқпай, әлек болып жатқан аты жаман дерт аяқ басып еді, алдыңғы ойды айтатындар табылды. Ол да жөн шығар. Бірақ, қайталап айтамыз, сағымға кеткен кемдікті жаңғыртпай, өрісі кең елдікті айтсақ, рухымыз көтерілері хақ. Бұл арқылы ұрпақтың рухын жасытпай, өзіміз секілді «үй артында біреу тұрған жоқ па?» дегізбей өсірсек, олар Отан деген ұғымды, халқым деген қағиданы, ұлтым деген ұлы жұмысты ұға жүріп жетіледі. Тіпті жаралғалы бергі жақсыларымызды жауһардай жарқыратып тізсек, «Ал бұл – үлкен азаматтық, үлкен ақылгөйлік... Білгенде де, тек өзің білгенге мәз болмай, «балаңның баласының баласы бастаған жеті ұрпағын жете білсін» демекші, алдымыздағы ардақ буынның жиған-терген рухани мұрасын артымыздағы боздақ буынға да сол қалпында бұлжытпай жеткізе білсек», (Әбіш Кекілбаев) қане.
«Көш – жүре түзеледімен» аяққа оралғы, жанға жара кеміміз, көргенсіздігіміз болса, оны өзімізден көруге тиістіміз. Ендігі жерде ешкімге өкпе артуға болмайды.
Әлемді әлекке салған кесел кімді де болса тітіретіп тұр. Алғаш ойын жолындай көріп, «е» дегендердің еңсесі басылып, қалай құтыламыз деп қабарып қалды. Кейбір жұрттардағы апатты зерделеген тиісті мекемелер жіті қимыл көрсетуде. Одан қай-қайсымыз да сабақ алуымыз керек. Қандай сабақ дегенге келсек, дертке атүсті қарамау, бір болу, бірігу, сөзге құлақ қою, ұсынысты қабылдап, сақтық шарасына салғырт болмай, заң талабын айналып өтуге қуланбай, тік тұру, өзім ғана аман болайын демей, өзгенің де тілекшісі бола білу – осылай кете береді. Иманды іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Кейбір үлкендер бас болып, жас буын жүгіріп жүр. Оларды тәңір жарылқасын дейік.
Алты құрлықты аяғынан тік тұрғызған сын бізге де мысық табандап жетті. Бұл кердеңдеп басып, кеуделеп кеткен, кеудесіне нан піскендерді тәубесіне түсірейін деген тәңір тауқыметі ме, кім білсін. Енді дағдару емес, осы елдің иесі де, киесі де біз деп жайлау болған жағаны, көктеудей кеңейіп кеткен етекті жиятын сын сағат туды. Бұл істе әр қазақ қара бастың қамын ойлап, өтер-кетер жиған дүниені ойсыратпайын деген ойға құл болмай, дүниеқоңыздыққа, пайдакүнемдікке, пенделікке бой алдырмай, жұртпен бір болу қажет.
Алда да айттық, енді өз еліміз, қасиетті Отанымыз бар, тілеуді қалай тілесек те, тек адалынан тілесек, қабыл боларына иманымыз кәміл. Бірақ сол адал тілеу жолы, атың өшкір індет иіргенде ала-құла болып тұрғаны өзекті өртейді. Адамдар қайтсек аман қаламыз деп жанұшырып жүргенде, арды емес, пайда ойлаған пенделер заң бұзып, түзу жұмысты бас пайдасына бұрып ұлтты да, жұртты да елеп-ескермей тиыннан теңге, теңгеден «көк қағаз» жасауға ұмтылып ұрынып жатыр. Олардың біреу емес, жүздеп кездесіп жатқаны жанға батады.
Бұл қалай, себебі не, ертеңгі салдары туралы бір сара байлам қажет-ау деген күдік көкейден кетер емес. Біз осындай қиын сәтте бар қазақ: жай күнгі іштегі қыжыл, сырттағы ыза, біреуге деген кек, екіншіге айтылар наз бен базына ысырылып, аталар жолы, бабалар үлгісімен «Әр қазақ – менің жалғызым» (С.Адай) дейтін шығармыз деп едік.
Қайран халықшыл қазақты, бәрін демесек те көбін қараңғы нарық қара бастың қамын ойлауға әкеліп тіреді. Асығыстықтың аяқтан аямай шалуы осы болды десек, артық айтқандық емес. Ақиқатында бұл «кесел» кешегі жөнсіз жекешелендірудің, негізі шикі ойластырылған, парқы кем нарықтың, жемқорлар мен сыбайластар шеп құратын, түрлі жолмен, тобырлық ниетпен байлық жиятын, жұртты жікке бөліп, өз күніңді өзің көрге әкелетін капитализм деген қитұрқы қоғамның «жемісі» емес пе екен деген ой мазалайды кейде. Ол былайғы кезде байқалмайтын еді. Жымысқы дерт етекке оралып, төске ұмтылғанда «сыры» ашыла бастады. Қайтсең де ақша тап, өзге өлсе өлсін, өзің өлме деген сұм ойдан туған сұмдықтар әр күні алдымызды орайды. Бұдан құтқаратын – жері жететін, байлығы ұшан-теңіз бар қазақ аты жаман кесел кеткенше мен де сырт қалмаймын, көпке келген нәубет менен айналып кете қояр ма, жұртыммен біргемін десе, тіпті түрлі саладағы әшкереленген барымташы-жемқорлар да жасырғанын шығарып бір болу, жұмылу – елдік идеяға ұйып, бас қосса екен. Мұдайда төменгіні селге, барды өрге сүйреген, ынтымаққа ұйыған ұлылық бабалардан, даналардан қалғанын естен шығармайық. Соның арқасында қазақ қазақ болып жер бетіндегі тірлігін жалғап келеді. Оны бұл арада тізбелемесек те тастағы тарих, қағаздағы ақиқат тайға таңба басқандай көз алдыңа әкеліп тұр. Сол үлгіні жаңғыртсақ, қазақ не көрмегенінің орнын, қазақ өз билігі қолында тұрғанда біріге де, жұдырықтай жұмыла да алады деген ұлы ұғымды кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, олар соны дәстүрге айналдырар еді. Қазақ елі мұндай қилы кезеңдерді алда да бастан өткеруі мүмкін. Оны жеңудің іргетасын бүгін мықты етіп қаламай, қоқайтып қойсақ, көргеннің көкесі сонда болады. Бетін аулақ қылсын, ондай кезге тап болса ұрпағымыз өзгені емес, бізді айыпты санары анық. Өйткені, елдіктің бастауындағы тұрған ұрпақ – біз емеспіз бе? Одан қашып құтыла алмаймыз. Әсіресе екі дәуірде де ерекше көзге түсіп, тізгін-шылбыр ұстағандар, зиялы санатындағылар алда тұрғаны анық.
Иә, ондай бірлік енді қайда дейтіндер шетінен шығар. Дау айтып, иек қағатындар табылар. Бірақ, ұлтты ыдырататын жүйесіздік «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» (Абай) деген аталы сөзге тоқтамай жалғасса, ұлтқа сор, елдікке қауіп-қатер болмай қоймас. Осының бір жолын іздеу ізгілік іс, Алаш арыстары тапсырып кеткен жұрт жұмысы. Оны атқара алмасақ, ертең біздің құнымыз көк тиын болып қалады.
Зар еткен қауіптің алдына шығып, «әй!» десе аға, «барары жоқ, байлауы жоқ, ерім қайтіп күн көрер! Бәріңнің де нәрің жоқ, елім қайтіп күн көрер...» десе абыз, зиялы саналып жүрген саңлақтар өнеге көрсетіп үн қатса, телі-тентек тыйылар, өзім деп өзеурегендер, қалтам қалың, маған жалын деп жалына қол апартпай төбеде тұрғандар бір арнада тоғысып, бар қазақ жұдырықтай жұмылар деген ниеттеміз. Осы қиял сөз шындық шырпысын тұтатып, үміт ұшқындаса, бай мен кедей жақындасып, Асан мен Үсен бөлектенбей, діндегі ділгірлік тынып, тіл мүкістігіне нүкте қойылып, көп түйткіл шешімін тауып – бар қазақ бір қазақ болмақ.
Ондай бірліксіз, «Ондай болмақ қайда» (Абай), деп кері тартып, кері сөйлесек – қай дерттен де құтылу қиынның қиыны. Мұндайда алда да еске салдық, бітіспестей көрінген қайшылық та, шер-шемен де, дау да кейінге қалып, ынтымаққа тізгін тартпасақ, көзге көрінбей келетін зұлмат байлығымызды тиынға, тиынды құрдымға жіберуі мүмкін. Ендеше, әр қазақ «көппен көрген ұлы той» деп бас бақпай, есіктен сығалап, терезеден қарамай, менен кейін де адам бар деп, дүниенің құлынан ұлттың құлына айналса, ел тілеуін, жұрт амандығын тілесе, ұрпақтың келешегін естен шығармаса, күнімдік емес, өмірлікті санада саралап, «Алтын денем қажыса, қажысын, Алып төрім уыстан кетпесін! Тұла бойым шалдықса, шалдықсын, Тұтас ұлысым шашылып кетпесін!» (Шыңғысхан) десе, бар қазақ нар қазаққа айналар еді.
Польшада 13 боксшымыз қарсыластарын жайпап келеді
Спорт • Бүгін, 14:02
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 13:37
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:22
ІІМ Қазақстан жолдарына қатысты адам шошырлық дерек айтты
Қоғам • Бүгін, 13:10
Елордадағы Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланды
• Бүгін, 13:07
Қарағандыда қылмыстық топ құрықталды
Қоғам • Бүгін, 12:59
ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Аймақтар • Бүгін, 12:58
Қазақстанда алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 12:41
Елімізде кинотеатр билеттері айтарлықтай қымбаттады
Кино • Бүгін, 12:38
Жануарларға жәбір көрсеткендерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Экология • Бүгін, 12:33
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
• Бүгін, 12:18
Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Саясат • Бүгін, 12:15
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
• Бүгін, 12:06
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 12:05
Сарапшылар құбырдағы судың сапасын тексерді
Экология • Бүгін, 12:03
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 11:49
Nur Otan-ның жұмысын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
Қоғам • Бүгін, 11:45
Экономика • Бүгін, 11:44
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
• Бүгін, 11:36
Елбасы Түрікменстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы • Бүгін, 11:20
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Қоғам • Бүгін, 11:14
Қазақстанның Қырғызстан және Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:08
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:56
ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:39
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:30
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 10:20
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Биыл 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Құрттың ішінен есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Спорт • Бүгін, 09:40
Қызылордада ауа сапасы нашарлайды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 09:20
Ақтоты Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Өнер • Бүгін, 09:14
Кәсіпқой бокс: IBF-тің рейтингі жарияланды
Спорт • Бүгін, 09:11
Елімізде бір тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Теннис • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:54
«Сары мысық» фестивальді ашады
Кино • Бүгін, 07:52
Руханият • Бүгін, 07:50
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Оқиға • Бүгін, 07:40
Әлем • Бүгін, 07:38
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Жұмыскерлер жалақысы 30 пайызға өседі
Қоғам • Бүгін, 07:29
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қоғам • Бүгін, 07:27
Шымкенттіктерді қоныс аударуға шақырды
Аймақтар • Бүгін, 07:26
Заң шығару талаптары жаңартылды
Саясат • Бүгін, 07:25
Бірінші тоқсанда – 19 848 бірлік автомобиль
Экономика • Бүгін, 07:24
Бурабай баурайындағы берекелі бірлік
Аймақтар • Бүгін, 07:22
Вокзалдардағы шектеулер туралы
Қоғам • Бүгін, 07:20
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 07:17
Көп қабатты тұрғын үйге сұраныс көбейді
Қоғам • Бүгін, 07:14
Сұхбат • Бүгін, 07:13
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Ауыл • Бүгін, 07:12
Астық егетін аймақтарда науқан мамырда басталады
Экономика • Бүгін, 07:12
Төрт боксшы ширек финалға шықты
Бокс • Бүгін, 07:10
45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды
Қоғам • Бүгін, 07:05
Инвестициялық штаб жиынында қаралды
Үкімет • Бүгін, 07:01
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
Қоғам • Кеше
Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды
Спорт • Кеше
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Кеше
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Кеше
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар