Президент • 02 Қыркүйек, 2020

Президент АХҚО-ның әлеуетін пайдалануды тапсырды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының маңызы айтылды.

Президент АХҚО-ның әлеуетін пайдалануды тапсырды

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда үкімет елге инвестиция тартуды және отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығаруды басымдыққа алып отыр.

«Осы мақсатпен еліміздің игілігі үшін Еуразия экономикалық одағы мен “Бір Белдеу, Бір Жол” жобасының зор мүмкіндіктерін пайдаланумен қатар, АХҚО әлеуетін тиімді пайдаланған жөн», – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қаржы орталығы тікелей және портфельді инвестициялар тартудың негізгі құралына айналуға тиіс екендігін де атап өтті мемлекет басшысы.