Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында республиканың ғылыми ізденістерді ұйымдастыру жүйесі мен мекемелері, олардың мақсаттары мен атқаратын жұмыстары еліміз қол жеткізген тәуелсіздіктің негізінде жүргізіліп жатқан түбегейлі өзгерістер мен нарықтық қатынастарға сәйкес қайта қаралды. Іргелі зерттеулерді жаңа жағдайға икемдеу ісі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 – 1994 ж. жариялаған екі жарлығы арқылы жүргізілді. Онда республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту, ғылымды ұйымдастыруды жетілдіре түсу, ғалымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ғылым академиясына ұлттық мәртебе беруге байланысты шаралар көрсетілген болатын.

Осы шараларға сәйкес 1994 жылдың басында өткен Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысы оның бұрынғы президенті мен президиумының өз қызметтерін тоқтату туралы өтініштерімен келісіп, ҰҒА-ның жаңа президенті етіп К.Ә.Сағадиевті сайлады.
Ол кезде Ұлттық ғылым академиясы 50 жылға жуық тарихы бар, құрылған күннен бастап үдемелі даму үстінде болған үлкен мекеме болатын. Онда 7706 адам жұмыс істейтін. Оны 3668-і ғылыми қызметкер еді. Академия 900-ге жуық тақырыпты біріктіретін 37 іргелі зерттеулер бағдарламасын және 5 сондай бағдарламаны республика жоғары оқу орындарының қатынасуымен жүргізетін. Зерттеулерді ҰҒА жүйесіндегі 43 ғылым ошақтары мен басқа 11 министрлік пен ведомстволарға қарайтын 72 мекеме орындайтын.
Осы киелі ғылым ордасын Кенжеғали Әбенұлы жетік меңгеріп, байсалды қалыпта басқара білді. Оны мен алыстан емес, жанында Бас ғылыми хатшының міндетін атқарып жүргенде көрдім. Бұл қызметке К.Ә.Сағадиевтің шақыруымен 1994 жылдың мамыр айында ауысқанмын.
К.Ә.Сағадиев ҚР ҰҒА-ның және оның президиумының түпкі мақсаттары – Қазақстанның ғылыми-техникалық тәуелсіздігіне қол жеткізу екенін алға қойып, осыдан Ұлттық ғылым академиясының негізгі міндеттері туындайтынын және мемлекетіміздің тұрақты дамуының басында ғылыми-техникалық прогресс тұруы қажет екенін дәйекті түрде ұстана білді. Ол іргелі ғылымдарды «қоғамның, оның әлеуеті мен мәдениетінің бір бөлігі, ұлт өркениеттілігінің сенімді көрсеткіші, техниканың, технологияның және өндірістің ілгерілеу үрдістерін көріп-еститін халықтың көзі мен құлағына» теңеді.
Осыған байланысты алғашқы үлкен шара ретінде ҰҒА-ның жалпы жиналысында «Қазақстанның ғылыми-техникалық тәуелсіздігі және ҚР ҰҒА-ның міндеттері» деген баяндама жасап, елімізде нарық жағдайында туындайтын ғылыми бағыттарды анықтауға, олардың шешімдерін табуға жол ашты.
Кенжеғали Әбенұлының дәйекті дәлелдері мен беделінің арқасында Республика үкіметі, ҰҒА-ның жалпы жиналысы мен президиумы уақытында қажетті қаулылар қабылдап, олардың негізінде:
күрделі ғылыми-техникалық проблемаларды мүдделі министрліктер мен ведомстволардың жетекшілерінің қатысуымен қарастыру тәжірибесі енгізілді;
өзекті мәселелер академияның ғылыми бөлімшелерінде талқыланып, зерттеулердің басым бағыттарының қатарына кіргізіліп отырды;
бұрынғы 15 жыл аралығында жүргізілген ғылыми тақырыптар мен олардың қорытындылары салыстырмалы түрде талданып, бірін-бірі қайталайтын тақырыптар бағдарламалардан алынды;
ғылымды дамытудың келелі бағыттары бойынша жаңадан төрт ғылыми зерттеу институты ашылды. Олар осы уақытқа дейін нәтижелі жұмыс істеп тұр;
академияның биология бөлімшесінен медициналық бөлімше бөлініп шығып, қызметін бастап кетті;
көрнекті және жас ғалымдардың зерттеулерін қолдау мақсатында 100 бір жылдық арнайы стипендиялар тағайындалып, олардың таңдаулыларына нақты көмек көрсетіліп тұрды;
институт басшыларының құрамы жаңартылып, олардың орнына қабілетті жастар тартылды. Босатылған директорлардың көбіне ғылыми ізденістерін құрметті директор деңгейінде жалғастыруға мүмкіндік берілді;
қырық жасқа дейінгі он талантты ғылым докторы академияға мүше-корреспондент болып сайланды;
келелі ғылыми тақырыптарға конкурс жарияланып, жеңімпаздарға қомақты сыйақы тапсырылып тұрды;
нарық жағдайында академия құрылымдары мен мүшелерінің қызметін реттейтін жарғылар мен ережелер қайта жасалып, бекітілді;
қабілетті ғылыми кадрлардың басқа салаларға ауысып кетуін тежейтін, аспиранттардың диссертацияларын уақытында қорғауын ынталандыратын шаралар іске қосылды;
академия мүшелерінің құрамы ғылымның бұрын қамтылмаған бағыттары бойынша толықтырылды;
халықаралық ғылыми байланыстар күшейтілді. Ұлттық академияға бірінші рет шетелдік мүше ретінде Россияның, Украинаның және Пәкістанның ірі ғалымдары сайланды;
мерзімді уақытта шығып тұратын «Академиялық баяндамалар» журналы ағылшын тіліне аударылып, таратыла бастады;
Ұлттық ғылым академиясының барлық қызметкерлерінің жалақылары екі есеге көбейтілді.
сол жылдары қазір республикада жиі сөз болып жатқан дәрі-дәрмек өндірісін дамыту мақсатында арнайы республикалық ғылыми-техникалық бағдарлама бекітілді;
космонавт-зерттеуші Т.Мұсабаев ғарышқа ұшып, «Мир» орбиталық кешенінде бірінші рет биотехнологиялық, медициналық, астрофизикалық және қашықтан бақылау жұмыстарын нәтижелі жүргізіп оралды;
Ұлттық ғылым академиясының өндіріске енгізуге дайын 168 жетістігі мен 183 тәжірибелік-өндірістік сынаққа жіберуге болатын жұмысы туралы мәліметтер жеке жинақ ретінде басылып, барлық министрліктер мен ведомстволарға, өнеркәсіп орындары мен мекемелерге таратылды;
К.Ә.Сағадиевтің президенттігі кезінде Ұлттық ғылым академиясы жалпыреспубликалық қоғамдық және мәдени шараларды ұйымдастыру орталығына айналды. Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты жиналыстар мен мерейтой жоғары деңгейде Алматы мен Жидебайда өткізілді. Оған ЮНЕСКО мен 22 елдің өкілдері, республика ғалымдары, жазушылары мен ақындары, кино мен театр қайраткерлері қатынасты. Орта Азияның ұлы ғалым-энциклопедисі және мемлекет қайраткері Мұхамед Тарағай Ұлықбектің 600 жылдығына, Қырғыз эпосы «Манастың» 1000 жылдығына, С.Сейфуллин мен Е.Бөкетовтің өмірлері мен қызметтеріне арналған сессиялар мен конференциялар сол уақыттың ірі оқиғалары болды. Мысалы, Абай мен «Манас» эпосының салтанаттарына Ш.Айтматов Еуропадан арнайы екі рет келді.
Кенжеғали Әбенұлының жоспарында қазақ халқының рухани-тарихи мұраларын және «Алаш» феноменін жанды-жақты зерттеуді ұйымдастыру, қазақтың аса көрнекті қайраткерлері туралы ғылыми-публицистикалық серия шығару, академия қатарына басқа шығармашылық бағытта ерекше орны бар азаматтарды мүшелікке тарту, ол үшін сол ұйымдармен байланысты нығайту, ғылыми зерттеулерді халықаралық-гранттық деңгейге көтеру, қолданбалы зерттеулерді келісімшарттар арқылы зауыттық-өндірістік жағдайға көшіру, академияда жеке техникалық және экономикалық ғылыми бөлімшелер құру сияқты алуан түрлі мәселелер де болды.
Бірақ оларды жүзеге асырудың сәті түспеді. Оған экономикалық дағдарыс та, басқа субъективті факторлар да әсерін тигізді. ҰҒА «кеңестік анахронизм», «конституция нормаларына сәйкес келмейтін заңсыз мекеме» қатарында атала бастады. Қаржы тапшылығына байланысты академияда қысқарту жүргізу оның жұмысының басты көрсеткішіне айналып кетті. Соның әсерінен ҰҒА-да екі жылда үш қысқарту науқаны өтіп, онда жұмыс істейтін адамдар саны 2500 кісіге, ал ғылыми қызметкерлер саны 672 кісіге азайды. Ізденіс жүргізіп жатқан тақырыптардың 332-сі тоқтатылып, ғылыми институттардың 240 бөлімдері мен зертханалары қысқартылды. Оның сыртында үш ғылыми зерттеу мекемесі жабылып, басқа жеті ғылыми мекеме үш ғылыми зерттеу мекемесіне біріктірілді.
К.Ә.Сағадиев бұл тенденцияға бейжай қарай алмай, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде «Ғылымсыз ғұмыр тұл», «Академия наук на перепутье», «Нельзя растаскивать единый работающий организм, нельзя разбазаривать великое народное достояние» деген секілді мақалалар жазып, академияның негізгі институттарын, материалдық-техниқалық базасы мен кадрларын сақтап қалуға барлық күшін салды.
Дегенмен бұл әрекеттер Ғылым академиясы – Ғылым министрлігін құрумен аяқталып, академик К.Ә.Сағадиев жаңа ашылған Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
Академик К.Ә.Сағадиев сирек эрудициялы интеллект иесі, алмас қылыштай ерекше шыңдалудан өткен зияткер ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың саф алтындай кадрлар қорының аса көрнекті өкілі, даланың дара дарынды әрі тағылымды тұлғасы болды.
Кенжекеңнің жүректілігі мен шешендігі де ерекше болды. Қандай да үлкен аудиторияларға тайсалмай кіретін. Мүдірмей сөйлейтін. Бір сөзге қайта соқпайтын. Сөйлеген сайын тыңдаушысын өзіне тарта түсетін. Оның қатысуымен өткен күнделікті отырыстар шағын конференцияларға, ал ғылыми семинарлар үлкен форумдарға айналып кете баратын.
Кенжекең де, Нағытай жеңгеміз де достық пен сыйластықты жоғары бағалады, зиялы қауымның ортасында жүріп, жарасымды қарым-қатынас жасады.
Кенжеғали Әбенұлы мақалалары мен баяндамаларын өзі дайындайтын. А4 қағазының жартысына жазған маржандай ұсақ сөз тізбектерінің бір түзетусіз талай беттері компьютерлерге теріліп жатқанын талай көрдім. Сол әдетімен халқымыздың біртуар азаматтары Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедов, Қаныш Сәтбаев, Шахмардан Есенов, Евней Бөкетов, Манаш Қозыбаев, Өмірзақ Сұлтанғазиннің көркем портреттерін асыл сөздермен өрнектеп шықты.
Осыларға байланысты ойымда қалған екі жағдайды айта кетейін. Олардың бірі жоғарыда көрсетілген ғылыми-техникалық даму жөніндегі баяндамаға байланысты. Оған ғылыми бөлімшелерден мәліметтер жинап, алғашқы нұсқасын жасау маған тапсырылған. Мен келген материалдармен бір жетідей жұмыс істеп, көлемі 68 беттей баяндамаға негіз болады-ау деген материалдарды Кенжекеңе жеткізіп бердім. Екі күннен кейін президент мен берген нұсқа мен өзі жазған 36 бет қолжазбаны қолыма ұстатты. Ішінде мен дайындаған материалдан мардымды ештеңе болмай шықты.
Екіншісі Абайдың 150 жылдығына дайындық кезінде болды. Кенжекең «кіріп шық» деген соң кабинетіне барсам, кітапханадан «Қазақ» газетінің қалың тікпесін алдырып, А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласын оқып отыр екен. Маған сол жерде Абай туралы өз баяндамасының қолжазбасын оқып берді. Таңданғаным сонша, «неге жазушы болмағансыз» – деп, ізінше осыным орынсыз болды-ау, академия президентін жазушыдан төменсітіп тастадым ба» деп ыңғайсызданып қалдым. Бірақ оған Кенжекең «кейде өзім де неге сол жолға түспедім екен деген ойға келемін» деп менің жағдайымды жеңілдетіп тастады.
* * *
Кенжекеңді көптен білсем де тағы көрсем деп келесі кездесуді аңсап жүретінмін. Бірақ пандемияға байланысты шектеу кезінде Кенжекеңмен телефон арқылы ғана сөйлесіп тұруға тура келді. Операциядан кейін мазасын ала бермейін деп телефон соғуды сиретіп жіберсем, өзі хабарласушы еді. Соңғы ауруханаға жатарының алдында сөйлескенімде «Жақсымын. Тамақты аз-аздап жиі ішемін. Біртіндеп салмақ қосып келемін. Күніне бір-екі сағат жұмыс та істей бастадым. Фейсбукта парақшам бар. Ойларымды сонда жазып жүрмін», дегенінде, мен олар не жөнінде екенін сұрап едім, ол «Жазатын дүние көп. Алдымен жеке табыс салығы туралы жазбақшымын. Елдің қазіргі жағдайында табыс салығын тезірек прогресті шкалаға көшірмесек қиын болады. Бай байи түсіп, кедей одан әрі кедейлене береді. Бұл тәсіл көп мемлекеттің тәжірибесінде бар», деді.
Мен «Кенжеке, онда жалақылардың дені конверт арқылы беруге көшіріледі деген сөз бар ғой», дегенімде: «Олай істетпейтін әдістер қоса шешілетін болады Сәбит, қалқам, біреу есік қағып тұр, келген жеңгең шығар, барайын, Светаға сәлем айт», деп сөзін аяқтап еді аяулы ағамыз. Ол кезде үлкен жүрек соғуын тоқтатып, артында өкініш пен сағыныш қалатынын сезбеп едім.
Сәбит БАЙЗАҚОВ,
ҰҒА академигі
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Кеше
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Әйелдер күресіне жерлестерімізге жалғыз жолдама бұйырды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • 10 Сәуір, 2021
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • 10 Сәуір, 2021
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • 10 Сәуір, 2021
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • 10 Сәуір, 2021
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • 10 Сәуір, 2021
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • 10 Сәуір, 2021
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • 10 Сәуір, 2021
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • 10 Сәуір, 2021
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • 10 Сәуір, 2021
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • 10 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар