Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020

Әскери билеттерді цифрландыру ұсынылды

511 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қорғаныс және ішкі істер салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жеңілдету туралы ұсыныстар талқыланды. Бұл цифрлық комиссарлардың қатысуымен өткен алғашқы отырыс.

Әскери билеттерді цифрландыру ұсынылды

Отырыста әскери билеттердің қағаз нұсқасынан бас тарту, оны тек соғыс жағдайында ғана беру ұсынылды. Қалған уақытта әскери билет жергілікті әскери комиссариатта сақталады, ал әскери міндеттілігі туралы хабарлама «электронды үкімет» порталындағы азаматтардың жеке кабинетіне жіберіледі.

«Бұл ұсыныс жүзеге асы­рылған жағдайда азаматтар­дан әскери билеттің түпнұс­қасы талап етілмейді және бюд­жеттік шығындарды 100% үнемдеуге мүмкіндік бере­ді. Қажетті деректердің бәрін egov.kz. порталы арқылы Қор­ғаныс министрлігінің ақпа­раттық жүйесінен алуға болады. Біз сондай-ақ азаматтар тұрғылықты жерін ауыстырған кезде оларды әскери есепке автоматты түрде қоюды ұсынамыз. Тіркеу кезінде ақпарат автоматты түрде біздің дерекқорымызға түседі де, бірден әскери есепке аламыз. Бұл үшін азаматтарға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Жалпы, біз 16 мем­лекеттік қызметті бірден автоматтандыруды ұсынамыз», дейді Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.

Сонымен қатар бірқатар мем­лекеттік көрсетілетін қыз­меттерді композиттік тәсіл­мен, яғни «бір өтініш – мемле­кеттік қыз­меттер кешені» қа­­ғи­даты бо­йынша көрсету ұсы­­нылды. Осы­лайша, азамат өзін әскери есепке қоюды өтінген кезінде оған автоматты түрде «запастағы офицерлерге, сержанттарға, сар­баздарға әскери билет немесе олар­дың телнұсқасын (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы хабарлама жолданады.

Сондай-ақ отырыс барысында автокөлік құралдарын тіркеу, кепілді тіркеу және жүр­гізуші куәлігін беру саласын­дағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға қатысты мә­селелер талқыланды. Бүгінде бұл қызметтер порталда қол­жетімді, алайда аталған мемле­кеттік қызметтердің түрлерін көбейту, сол арқылы оны алу тәртібін жеңілдету ұсынылды.

«Бұл мәселе өзекті. Мем­ле­кет басшысы мемлекеттік қыз­меттерді автоматтандыру және оңтайландыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Қаралған ұсыныстар осы тапсырманы іске асыру шараларына өзек бо­лады. Техникалық тұрғыдан бұған дайынбыз, ендігі ортақ міндетіміз – барлық бизнес-процестерді бірлесіп пысықтау және осы бағытта жұмысты бас­тау», деді Цифрлық даму, инно­вациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін ат­қарушы Бағдат Мусин.

Отырыста цифрлық комиссарлар ішкі істер органдары көр­сететін бірқатар мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңіл­детуді ұсынды. Бұл бойынша жауапты орган­дар­ға оны іске асыру тапсырылды.