Екіншіден, жергілікті өзін өзі басқару бойынша ауыл әкімдерін сайлау. Бұрын бұл тәртіптен әкімдер мәслихат арқылы өтетін. Ал енді тікелей халықпен жұмыс істейтін болады. Бұл жиналыстардың өзектілігін арттыра түсіреді. Бұл да маңызды мәселе, өйткені онымен тұрғындар арасында тек қоғам белсенділері айналысып келді.
Үшіншіден, бұл «жасыл» экономиканы дамыту. Мұның да маңыздылығы кем емес. «Жасыл» экономика жұмыспен қамту деңгейін арттырып қана қоймай, тұтастай экономиканың дамуына жеткілікті деңгейде әсер етеді. Сондықтан Президент бұған назар аударып, Экологиялық кодекстің қабылдануына тікелей тапсырма бергені баршаға мәлім. Сондай-ақ ауылдық жерлерде білім берудегі теңсіздікті жою туралы айтылды. Неге десеңіз, шалғай аймақтардағы балалар қалалық оқушылардан кем білім алмауы тиіс.
Төртіншісі, сот-құқықтық бағыт. Бұл жерде полицейлер арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату туралы айтылды. Айталық, тәртіп сақшыларының қызметтік құзыретіне не кіреді, прокуратура іс-әрекеті қандай болу керектігі жан-жақты қамтылғаны орынды.
Квазимемлекеттік ұйымдардың жұмысын ретке келтіретін уақыт жетті. Мұны Мемлекет басшысының өзі аңғартты. Квазимемлекеттік сектор дегеніміз не? Бұл мемлекеттен бөлінетін қаражатпен жұмыс істейтін ұйымдар. Сол себепті Президент қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуге назар аударып, экономика мен бизнесті нарықтық тұрғыда дамытуға күш салу керектігін жеткізді. Ал қазір холдингтердің инвесторлар немесе шағын және орта бизнеспен бәсекеге түсіп жатқаны байқалуда. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы шешімі қазіргі жағдайда тиімді екені күмәнсіз.
Бұған қоса, орынсыз тексерулерді азайту жөніндегі бастама да бизнес тарапынан қолдау табатыны анық. Осы орайда Мемлекет басшысы салық заңнамасына назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстарды цифрлы форматқа ауыстырудың тиімділігін айтты және бұл мәселені Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Үкіметпен бірлесіп, пысықтауды тапсырды.
Айгүл СОЛОВЬЕВА,
Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы