Спорт • 05 Қыркүйек, 2020

Елордада Challenge-2020 жүгіру додасы өтті

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Нұр-Сұлтан саябақ Challenge-2020 жүгіру додасы өтті, деп хабарлайды olympic.kz.

Елордада Challenge-2020 жүгіру додасы өтті

Жарысты COVID-19 пандемиясы кезінде салауатты өмір салтын насихаттау мен Іс-шараны Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы салауатты өмір салтын қолдау және COVID-19  пандемиясы кезінде белсенді өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырды.

"Іс-шараға Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар физикалық белсенділік біздің денемізді күшейтеді дейді, ал жүгіру дене жаттығуларының қол жетімді түрлерінің бірі ретінде мүмкіндігінше спорт әуесқойларын тартуға мүмкіндік береді. Барлығы денсаулықты жақсарту және сақтауға келіп тіреледі. Ал қазіргі кезде белсенді өмір салты әдеттегіден де маңызды. Мен мұндай спорттық бастамалар қазақстандықтардың назарын спорт біздің денсаулықты жақсартудағы басты көмекші екендігімізге аударуға бағытталғанына сенімдімін", - деді ҚР ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербек.

Жарыс екі күн бойы - 5-6 қыркүйек аралығында өтеді. Оған кез-келген адам, оның ішінде Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары да қатыса алады. Қатысушыларға бес шақырымды бағындыруға тура келеді. Сіз күннің кез келген уақытында, кез-келген қол жетімді жерде жүгіре аласыз. Барлық нәтижелер Strava қосымшасының көмегімен S10.run платформасында онлайн режимінде бақыланады және жазылады. Елордада жарыс Орталық саябақта өтеді. Басты шарт - қатысушылар арасындағы қашықтықты сақтау.