Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2020

7 қыркүйектен бастап банктер 18:00-ге дейін жұмыс істейді

1139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы" ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 қыркүйектен бастап банктер 18:00-ге дейін жұмыс істейді

Бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап өндірістік қажеттілік болған кезде филиалдың штат санының кемінде 30% қызметкері қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% қызметкерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етуі керек.

"Жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін белгіленетін екінші деңгейдегі банктерді және қызметін Ұлттық банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде айырбастау пункттері ғана арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін белгілесін", - делінген құжатта.