«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының «Құпия пациент» акциясы елордадағы медицина ұйымдарының МӘМС жүйесі бойынша біліктіліктерін анықтап берді. Аталған қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қор тамыз айының соңғы онкүндігінде еліміздің 700-ден астам медицина ұйымында «Құпия пациент» акциясын өткізді.

Шілде айында медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, медициналық ұйымдардың қызмет көрсетуден бас тартатыны туралы, тіпті Қазақстанда тұратын әрбір адамға қолжетімді, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетіне кіретін медициналық көмектерді алуға кедергі көп екені туралы тұрғындар тарапынан шағымдар жиілеп кетті.
Сондықтан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тіркеу орны мамандары мен медицина қызметкерлерінің медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС пен ТМККК пакетіне кіретін медициналық қызметтер, медициналық көмек көрсету стандарттары, сондай-ақ пациенттердің сақтандырылу мәртебесі туралы білімдерін тексеру, медицина ұйымдарына мониторинг жүргізу бастамасын көтерді. Акция барысында Нұр-Сұлтан қалалық филиалының арнайы дайындалған сарапшылары медицина ұйымдарына «құпия пациент» ретінде қоңырау шалып, осы арқылы медицина ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін тексерді. Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық қызмет жеткізушілері арасында 35 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетушілер бар. Зерттеу нәтижесінде «Интертич» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы мен №1 қалалық емхана ШЖҚ-дағы МКК медицина қызметкерлері (95%) ең жоғары білім деңгейін көрсетті.
Бірақ кейбір медициналық қызмет жеткізушілер нәтижесі көңіл көншітпейді. Мысалы, «Sana Vita Clinic» ЖШС мен №7 қалалық емхана ШЖҚ-дағы МКК-да телефонмен қызмет көрсету деңгейі нашар болғандықтан, нәтиже көрсеткіші 21%-ды құрады.
Қор үшін пациенттерге қажетті медициналық қызмет көрсетуден заңсыз бас тарту әрекеттерін азайту, медициналық ұйымдардағы меициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, пациенттерді толыққанды кеңестермен қамтамасыз ету маңызды. «Құпия пациент» акциясының нәтижелері медицина қызметкерлерінің білімі мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудағы қажетті бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл қандай да бір жазалау шаралары үшін емес, медицина қызметкерлерін атаулы бағытта оқытып-үйретуге негіз болады.
Сарапшылар кейбір медицина қызметкерлерінің МӘМС пен ТМККК пакеттерінің арасындағы айырмашылықтарды анық түсінбейтінін, жарналар мен аударымдарға қатысты жауаптардың дұрыс берілмейтінін, төлем тәсілдері, дербес төлеуші мен БЖТ төлеуші арасындағы төлем айырмашылықтарын түсінбейтінін, сақтандырудың мәртебесі және ол болмаған кезде медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпараттардың жеткіліксіз екенін айтады.
Зерттеу нәтижелері бойынша әр медицина ұйымына талдау жасалды. Жоба арқылы көрсетілетін медициналық көмек сапасын пациент көзімен бағалауға тырысқан аталған қордың медицина қызметкерлеріне арналған барлық оқыту іс-шаралары анықталған жағдайларды ескере отырып түзетілмек.
Көкшетауда жігіт сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Ұқсас жаңалықтар