Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2020

Мемлекет "Халық үніне құлақ асса" ғана берік болады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің алдына осы талапты қойғалы біраз болды. Алайда мемлекеттік қызметкерлердің арасында әлі де халықтың жоқ-жітігін елемейтіндер бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет "Халық үніне құлақ асса" ғана берік болады

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің бастығы, полковник Марат Төлебаев бұл талапты орындауға тырысады. Оның атына жыл басынан бері 1344 өтініш пен арыз-шағымдар түскен. Наурыздың ортасында басталған карантинге дейін 101 рет жеке "азаматтық қабылдау" болып, оның 71 бастықтың өзі өткізген. Одан кейін, әрине, қабылдауларға мүмкіндік болмады.

Ал өтініштер мен арыз-шағымдардың көбею себебі – сенімнің белгісі. Басшының қолына тиген барлық қайырулар тексеріліп, жауап берілген. Арыз-шағымдардың негізгі бөлігі қылмыстық істерді тергеуге қатысты қойылып жатады. Шағымданушыларға ыңғайлы болу үшін құзыретіне мәселені шешу жататын тергеу, анықтау, жергілікті полиция қызметі және тағы басқа қызметтердің басшылары қабылдауларға міндетті түрде қатысады. Азаматтардың өтініш-шағымдары "Электрондық үкімет" eGov.kz, сондай-ақ хаттарға арналған жәшіктер мен пошта арқылы қабылдау да қатар жүргізіледі.