Оқиға • 07 Қыркүйек, 2020

Армия халықаралық ойындары 2020 аяқталды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында 2020 жылғы Армия халықаралық ойындарын аяқталды.

Армия халықаралық ойындары 2020 аяқталды

Қорғаныс ведомстволарының делегациялары «АрХО-2020» Армия халықаралық ойындарының жабылу рәсіміне қатысты. 2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ойын, биыл 30-дан астам мемлекет өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Армия халықаралық ойындары, жарыс түрінде өткізілетін жауынгерлік даярлықтың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев салтанатты рәсім басталғанға дейін қазақстандық «Танк биатлоны» сайысының командасымен кездесті.

Ойындардың жабылу салтанатының алдында, ең әсерлі «Танк биатлоны» сайысының финалы және экипаждардың финалдық жүрістерінің қорытындысы шығарылды.

Аталған іс-шаралар аясында Н. Ермекбаев басқа мемлекеттердің қорғаныс министрлерімен кездесті. Атап айтқанда, Үнді әріптесі Раджнатх Сингхпен БҰҰ қамқорлығымен бітімгершілік операцияларына бірлесіп қатысуға басты назар аударылды. Мұндай өзара іс-қимыл 2018 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырылуда. Қазақстандық ротаның төртінші құрамы Ливандағы Үнді батальоны құрамындағы міндеттерді орындауда.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қыркүйек күні «Патриот» әскери-патриоттық паркінде ШЫҰ, ТМД және ҰҚШҰ-ның қорғаныс ведомстволары басшыларының бірлескен отырысы өтті.

Ресей Қорғаныс министрі армия генералы С.Шойгудың бастамасымен алғаш рет өткізілген қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуінің өкілдік форматы кең ауқымды мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасуға мүмкіндік берді.