Қоғам • 08 Қыркүйек, 2020

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 835 кәсіпорында 25 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 2,6 млрд теңгеден аса қарызы бар екенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 484 нұсқама беріліп, 67,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,5 млрд теңге төленді.     

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2,6 мың тексеру жүргізді. 3,7 мыңнан аса ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 124,6 млн теңге сомаға айыппұл салынды.