Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020

«Әйелге тән емес» кәсіпте әйелдердің жетістігі көп

132 рет көрсетілді

Энергетика дәстүрлі түрде ерлер саласы болып саналады. Күйзеліске төзімділік, қатаң талапшылдық, жыл­дам­дық және кей кезде салқынқандылық – энергетик жұмысындағы осы қасиеттер мықты ер адамның бейнесін сомдайды. Дегенмен әйелдер де электр энергетикасы саласында бұрыннан өздерінің берік қағидаларын ұстанған.

Қазақстанның энергети­калық кешенінде өз маман­дығын жақсы көретін және оны жетілдіруге ұмтылатын көптеген әйел жұмыс істейді. Оның ішінде басшылық лауа­зымында да бірқатар энер­гетик-әйел қызмет атқа­рады. Олар өздерінің білімі мен тәжірибесі арқы­лы күн сайын Қазақстан тұрғын­дарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қолдан келгенін аямайды.

Жалпы, Қазақстан­ның энер­­ге­тикалық саласында 150 169 адам жұмыс істейді, оның ішін­де аралап қараушылар­дан бас­­тап станса басшылары­­на де­йін­гі әртүрлі лауазым­дар­да 47 368 әйел (немесе 32 %) жұмыс істейді.

Ғазиза Әзімханқызы Бара­мысова ғылыми, өндірістік және мемлекеттік қызметте үл­кен тәжірибеге ие. Эко­но­мика, электр энергетика­сын ұйымдастыру және бас­қару саласындағы маман. Министр­лікте жұмыс істеген кезінде электр энергетикалық кешенін рефор­малау және қайта құры­лымдау бағыттарын әзір­леуге қатысты. Электр энер­гия­сы­ның көтерме, бөл­шек сауда на­ры­ғының нарық­тық тетік­­тері бойынша норма­тив­­тік құқықтық базаны әзір­­­леді, электр энергетикасы, жаң­ғыр­малы энергия көз­дерін пай­далануды қолдау жө­нін­дегі заң жобаларын әзір­леуге тікелей қатысты, заңға тәуел­ді актілерді, нормативтік құқық­тық актілерді, нормативтік құ­жат­тарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарға басшылық етті.

Надежда Евгеньевна Бай­жанова да «Электр энергетикасы туралы» алғашқы заңды әзірлеуге қатысты.

Энергетика саласында Энер­гетика министрлігінің ерекше көзге түскен қызмет­керлері де бар. Марьяш Сә­лем­герейқызы Жакупова – ғылым кандидаты, Орталық Азиядағы USAID «Болашақ энергиясы» аймақтық бағ­дар­ламасының инженер-энер­гетигі, энергетикалық сек­торда 50 жылдық тәжіри­бесі бар. Еңбек жолын Бүкіл­одақтық ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институтында, «Энергосетьпроект» қазақ бөлімінде инженер бо­лып бастады. Алматы энер­гетика институтында ас­сис­тент, аға оқытушы, «Электр желілері және жүйе­лері» кафедрасының доцен­ті қыз­меттерін атқарды. Энер­гетика және сауда министр­лігі Электр энергетикасы және қатты отын департаментінің бөлім бастығының орынбасары болды. Сонымен қатар «KEGOC» АҚ-да, Ақмола өңірлік диспет­черлік орталығында (АӨДО) режім мәселелері бойынша бас диспетчердің орынбасары, «КОРЭМ» ААҚ-да (электр энергиясы мен қуаты нары­ғының қазақстандық опера­торы) Коммерциялық депар­таменттің директоры болып жұмыс істеді. Tetra Tech-тегі жұмысы аясында көпшілік алдында сөйлеу мен презента­ция­­лар үшін қажетті дағды­ларды да­мытуға көмектесу мақ­са­тында студенттер мен жас инженерлерді осы салаға тар­­туда ұйымдастырылған бір­неше оқу сапарлары мен семи­нарларға қатысты.

Электр энергиясы саласына ерекше үлес қосқан әйел­дердің бірі – Жәкен Оқас­қызы Бердинова. Энер­ге­ти­ка саласында жалпы ең­бек өтілі – 38 жыл. 1970 жылы Ленин атындағы Қазақ по­ли­­тех­ни­калық институ­тын инженер-жылуэнерге­тик мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Жезқазған ЖЭО-да бас­тады. Әр жылдары турбина цехының бу турбиналарының машинисі, электр цехының кезекші электр монтері, станса ауысымының бастығы болып жұмыс істеді. Бастауыш партия ұйымы партия коми­тетінің хатшысы болды. Соны­мен қатар директордың әлеуметтік, кадрлық және жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1994 жылдың маусым айынан бастап Жезқазған ЖЭО-ны басқарды. 4 жыл Жезқазған ЖЭО директоры болып жұмыс істегеннен кейін, 1998 жылдан бастап Топар қаласының бас тарату энергия стансасын басқарды. Еңбек жолын 2008 жылы Қазақмыс корпорациясы электр стансалары департаментінің бас директоры болып аяқтады.

Жезқазған ЖЭО, Бал­қаш ЖЭО және Қарағанды ГРЭС-2 қызметін басқарды, Отба­сы және әйелдер істері жөнін­­дегі ұлттық комиссияның мү­ше­сі, сондай-ақ Абай сайлау окру­гі бо­йынша облыстық мәс­ли­­­ха­ттың депутаты болды. «Со­циалистік жарыстың же­ңім­­пазы» (1975-1977 жж.) бел­­гі­­сі­мен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапат­тал­ған. Бү­гінде құрметті демалыста.

1962 жылы Ермак ГРЭС-те 5-топтың қараушы-ма­ши­нисі ретінде Людмила Ни­колаевна Иванова өзінің еңбек жолын бастады. Ол электр энергетикасы са­ласында 40 жыл бойы ең­бек етті. 1976-1978 жылдары Че­ре­повец ГРЭС-ке ауысты­рыл­ды. Екібастұз ГРЭС-1-де 1978 жылдан бастап бесін­ші топтағы қараушы-маши­нист болып жұмыс істей бас­тады. 1992-2002 жылдары 7-топтағы турбина бойынша энергоблокта машинист болып жұмыс істеді. Ол – станса тарихындағы турбинадағы энергия блогінің машинисі бол­ған алғашқы әйел. 1982-1984 жылдары Павлодар об­лыс­тық кеңесінің депутаты болып сайланды. 1985 жылдан 1990 жылға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Прези­диумының мүшесі болды. Жаңа жабдықтар мен тех­но­логияларды игеруде жоға­ры нәтижелерге қол жеткізді. Еңбек Қызыл Ту ордені­мен марапатталған. Кәсіп­орын әкімшілігі тарапынан жұ­мыс­тағы адал еңбегі үшін бір­неше рет ынталандырылды. Со­нымен қатар Энергетика ми­нистрлігі ұжымының ұсы­нуы­­мен «Еңбек ардагері» медалі­мен марапатталды.

2014 жылдан бастап Қазақ­­стандық салалық энергетиктер кәсіптік одағының «Болат Нұржанов атындағы Екібас­тұз ГРЭС-1» ЖШС кәсіп­одақ ұйымы филиалы кәсіп­одақ комитетінің төрағасы болып сайланған Татьяна Александровна Чиг­винцева елдің ең ірі электр стан­сасы – «Болат Нұржанов атын­дағы Екібастұз ГРЭС-1-де» кә­сіподақ құрудың бастауында тұрды және зейнеткерлік жасына қарамастан осы қызметті бүгінге дейін атқарып келеді.

Электр энергиясын ком­мер­ция­лық есепке алудың авто­матты жүйесін (ЭКЕАЖ) іске асыру бойынша маңызды және жауапты жобаны енгізуге 1983 жылы Өскемен ЖЭО-да электр цехында инженер болып еңбек жолын бастаған Зейнегүл Рамазанқызы Сан­сызбаева қатысты.

Ол есімін үлкен әріппен жазу­ға болатын маман! Өске­мен ЖЭО ЖШС-да жалпы үздіксіз жұмыс өтілі 37 жыл, оның ішінде релелік қорғау және автоматика қызметінің электр-техникалық зертханасында (РЗА) 23 жыл жұмыс іс­тейді. Станса желілерін қа­зір­гі заманауи бағыттал­ған жо­­ғары жиілікті қорғауды ен­­­­гізуге, реттеуге, қызмет көр­­­се­туге қатысып, станса жаб­­­дық­­тарының сенімділігін арт­­­тыруға ықпалын тигізді.

Зейнеткерлік жасына қара­мастан Алевтина Алек­сан­дров­на Корягина энергети­ка саласындағы еңбек қызметін жалғастыруда. Жас­тар­дың тәлім­гері. Энергетика сала­сын­дағы жалпы еңбек өтілі – 42 жыл. 1977 жылы В.И.Ле­нин атындағы Ивано­во энер­ге­тикалық институ­тын «Электр стансалары» маман­дығы бо­йынша бітіріп, еңбек жолын электрмонтажшы болып бас­тады. Әр жылдары жос­пар­лау бөлімінің мастері, ин­­ж­е­нері, смета-келісім бө­лі­­мі­­нің аға инженері, өн­­ді­ріс­тік-техникалық бөлім­нің инженері болып жұмыс іс­те­ді. Бірнеше жыл бойы өнд­і­ріс­тік техникалық бөлі­мнің бас­тығы қызметін атқар­ды. 2019 жылы Энергетика ми­нис­тр­лі­гінің ұсынуымен «Еңбек арда­гері» медалімен марапатталды.

Энергетика саласында 31 жыл жұмыс істеген Татьяна Леонидовна Крюкова жылу автоматикасы және өл­шеу цехының жұмыс сапа­сын жақсартуға елеулі үлес қосты. 1989 жылы Пав­ло­дар индустриялық инс­ти­ту­тын «Электр станса­лары» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Қара­ғанды ЖЭО-да қазандық-тур­би­налық және отын беру цехтарында электр стан­сасының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөн­деу және қызмет көрсету жөнін­дегі электр слесарі болып бастады. 1990 жылы мастер, 1992 жылы жылу автоматикасы және өлшеу цехы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Еңбекқорлық, техникалық сауаттылық, тамаша ұйымдастырушылық қабілеттері арқылы 2004 жылы жылу автоматикасы және өлшеу цехының бастығы лауазымына тағайындалды. Өзінің еңбек жолы кезеңдерінде өте жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді. 2019 жылы «Құрметті энергетик» атағын алды.

Электр энергетикасын дамы­ту үшін бұрын-соңды жұ­мыс істеген немесе жұмыс істейтін Қазақстан әйел-энер­гетиктерінің еңбегін шексіз атап өтуге болады.

 

Қайрат РАХЫМОВ,

Энергетика вице-министрі

 

Соңғы жаңалықтар

Білім – басты құндылық

Аймақтар • Бүгін, 17:10

Көкпектіде саябақ ашылды

Аймақтар • Бүгін, 15:48

Маңғыстауда дельтаплан құлады

Аймақтар • Бүгін, 11:24

Елімізде тағы 55 адам індеттен айықты

Коронавирус • Бүгін, 09:00

Алыстан жеткен алғыс

Аймақтар • Кеше

Тазалық бірдің емес, мыңның ісі

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Қала күні онлайн форматта аталып өтеді

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Байтұрсынов атындағы байқау өтті

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020

Облыс әкімі Сырдария ауданына болды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Үш тілдің үздіктері анықталды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Халықаралық семинар-кеңес өтті

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2020

Ұқсас жаңалықтар