Ғылым • 11 Қыркүйек, 2020

Инновациялық жасушалық технологиялар жоғары бағаға лайық

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сый­лығын тағайындау жөніндегі комиссияның алдын ала іріктеуінен өткен «Ұлттық ғылыми медициналық орта­лық» АҚ ғалымдарының «Клиникалық медицинада инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және енгізу» атты жұмысы марапатқа лайықты.

Инновациялық жасушалық технологиялар жоғары бағаға лайық

Себебі мамандардың қол жеткізген ғылыми нәтижелері медицинаның осы саласы бойынша сәт­ті жүзеге асырылып, ғы­лыми-техникалық бағ­дарламалар негізінде экс­перименттік және кли­ни­калық зерттеулер арқылы әртүрлі ауыр патология­лары бар науқастарға жо­ғары технологиялық меди­циналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Біздің елде 2002 жылдан бастап алғаш рет жасу­шалық инновациялық тех­нологиялар медицина ғы­лымдарының докторы А.Қ.Байгенжиннің жетек­шілігімен Ұлттық ғы­лыми медициналық орталы­ғы­ның қабырғасында дами бастады.

Жүрек-қан тамырлары патологиясын, қант диабетін, аутоиммун­ды ауруларды және басқаларды ем­­деудің жаңа тиімді жа­су­­шалық технология­ла­рын құру, менің ойымша, «ҰҒМО» АҚ қыз­мет­кер­лерінің тамаша же­­тіс­­тігі болып табылады және бұл қазақстандық ме­­­ди­­­циналық ғылым мен прак­­­ти­каның дамуын жаңа дең­­гей­ге шы­ғарады. Ұлт ден­­сау­­лығын сақтау мен ны­­ғай­туға үлес қосу жай­лы Мем­­лекет басшысы Қ.К.То­қаев өзінің Қаза­қ­стан хал­қына Жол­дауын­да да атап өтті.

Орталықтың зерттеу тобы алғаш рет заманауи медицинаның мә­се­лелерін шешу үшін түр­лі көздерден жасуша дақыл­дарын алды.

Ғалым және дәрігер ре­тінде орталық патология­сы бар науқастарды ем­деу­дің жоғары тиімді, ин­но­вациялық жасушалық тех­но­логияларын практи­ка­лық денсаулық сақтауға қос­­қан үлесі негізінде ор­та­лық­тың ғылыми-кли­ни­калық қызметіндегі нәти­желерді жоғары баға­лағым келеді.

 

Мәжит ШАЙДАРОВ,

ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері