Медицина • 11 Қыркүйек, 2020

Отандық вакцинаны сынақтан өткізуге ниетті

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымды қазақстандық вакцинаның бірін клиникалық сынаққа дейінгі өнімдер тізіміне қосқан еді. Міне, енді сол отандық екпені клиникалық сынақтан өткізу жұмысы басталмақ. Қазірдің өзінде екпені алуға ниетті еріктілердің қатары 600-ден асты.

Отандық вакцинаны сынақтан өткізуге ниетті

Клиникалық сынақтан өт­кізуге рұқсат алған QazCovid-in® вакцинасын Ғылым ко­ми­тетінің Биологиялық қауіп­сіздік мәселелері ғылыми-зерт­теу институты әзірледі. Ғылым комитетінің ақпаратына сүйен­сек, отандық вакцинаның кли­никалық сынақтарына 627 адам  қатысуға ниет білдір­ді. Бұған дейін аталған инс­ти­туттың ға­лымдары ек­пені сынақтан өт­кізуге ниет­ті еріктілерді із­дестіру жұ­мысының басталға­нын ха­бар­лаған. Биология­лық қауіп­сіздік проблемалары ғы­­лы­ми-зерттеу инс­титуты (БҚПҒЗИ) қазақстандық корона­вирус вак­цинасының кли­ни­калық сы­нақтарына қа­ты­суға еріктілер тартуды жал­ғастырып жатыр.

БҚПҒЗИ бас директоры Күнсұлу Зәкәрия  бұл туралы:

«Құжаттарды қабылдау осы жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады. Аз ғана уақыттың ішінде 627 адам біз жасаған вакцинаны өздеріне салдыруға ниет білдірді. Бірінші кезеңде 44 адамды, екіншісінде 200 адамды таңдауды жоспарлап отырмыз. Қазақстандықтардың отандық вакцинаға деген се­німіне, оң көзқарас танытуы­на, жағымды мотивациясы мен патриотизміне құрметіміз бөлек. Мұндай сенім іс жү­зіндегі демеу ғана емес, сонымен қатар біз сияқты өндіруші үшін және бүкіл қазақстандық ғылымға үлкен моральдық қол­дау болатыны анық. 627 адам­ның әрқайсысы, тіпті олар еріктілер қатарына кір­мей қалса да (244 адам ғана ерікті болуға таңдалып алынады, осы тізімге кірмей қала­тындар жөнінде сөз болып отыр – А.Ш.), біз үшін батыр деуге болады. Біз оларға бар­лық қазақстандықтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға қосқан жеке үлесі үшін өте ризамыз», деді.

Еске сала кетейік, 31 шіл­деде Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымы Qaz­Covid-in® ко­ронавирусқа қар­сы қа­зақ­стан­дық инактив­телген вакцинаны кли­­ни­калық сынақтарға жібе­рілген кандидат вакциналар тізіміне енгізді.

Институт директоры бас­та­ған жеті вакцина жасаушы ғалым вируспен жұмыс ке­зінде қауіпсіздігін қорғау үшін өздері әзірлеген екпені бі­рінші болып салдырды. Тест нәтижелері бойынша вакцина сал­ғандардың бәрінде вирусқа қарсы антиденелер пайда болды, қызметкерлердің дені сау және ғылыми-техникалық бағ­дарлама шеңберінде жұмыс­тарын жалғастырып жатыр.