Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2020

Жаяулар жолағында жүргіншіні қағып кетті

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда кешкі сағат сегіз кезінде Сәтбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағында Volkswagen Passat автомобилі 1981 жылы туған қала тұрғынын қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаяулар жолағында жүргіншіні қағып кетті

Әйел №3 қалалық ауруханаға жатқызылды. Көлік тізгінінде болған облыс орталығының 57 жастағы тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу" бабы бойынша материал жиналды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігіне көптеген факторлар әсер етеді, жол жағдайынан бастап, жолдың көрінуіне дейін, алайда, қауіпсіздіктің негізі – жүргізушілермен, жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысы қатысушыларымен қозғалыс ережелерін қатаң сақтау болып табылады. Жол қиылыстары, жаяу жүргіншілер жолағына жақындаған кезде жолдағы жағдайдың кенеттен өзгеруіне дайын болу үшін жылдамдықты азайту қажет. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырамыз", атап өтті СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Ағымдағы жылдың 8 айында СҚО жолдарында жаяу жүргіншілерді соғып кетумен байланысты 31 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттан 6 адам көз жұмып, 29 адам жарақат алған. 12 жағдай жаяу жүргіншілер жолағымен өту ережелерін бұзуымен байланысты орын алған.