«Волонтер жылы» аясында Орал қаласында «Ашық жүрек» әлеуметтік жобалар орталығы ашылды. Шараға қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, орталықтың қызметімен, жоспарымен танысты.

Әлеуметтік орталық Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ашылып отыр. Дәл осындай жоба еліміздің 17 қаласында қолға алынған. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, орталық 7 бағыт бойынша «Birgemiz» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында жұмыс істейді.
– Қазіргі таңда «Еріктілер лигасында» жүзге жуық волонтер бар. Біздегі волонтерлерге де көмек қажет. Басты мақсатымыз – жастардың жаңа жобаларына қолдау білдіру. Біз алдын ала таңдап алған 7 бағыт бойынша жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік береміз. Жалпы, Волонтерлер лигасы осындай орталықтар арқылы республикамызда волонтерліктің дамуына үлес қоспақ. Лига 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде атқарылған игі істер жеткілікті. Орталығымызға кез келген идеясы бар, қайырымдылыққа жаны жақын жас келіп жобасын ұсына алады. Яғни көмек сұрап келген болашағы бар жобалар назардан тыс қалмайтыны анық, – деді «Қазақстан волонтерлер лигасының» Батыс Қазақстан облысы бойынша директоры Алтынбек Бисенов.
Ауқымды жобаларды жүзеге асыруда еріктілер қозғалысының маңызы зор екенін атап өткен шаһар басшысы Абат Абайұлы:
– Биылғы жылдың ең басты жаңалығының бірі – Мемлекет басшысының бұл жылды «Волонтер жылы» деп жариялауы. Бүгінгі таңда Оралда 100-ден аса еріктілер ұйымы, 2 мыңға жуық волонтер жас бар. «Қазақстан волонтерлер лигасы» штабының біздің қаламызда ашылғаны қуантады. Еліне, жеріне жаны ашитын, қоғамдық өмірге белсенді атсалысып, жанашырлық танытып жүрген жастардың басын біріктіретін ұйымның ашылғаны ізгі істің алдағы уақытта да жалғасын табуына себепші болмақ. Ал мұндай бағыт-бағдар беруші орталық қайырымдылық санын арттырып қана қоймай, елімізде волонтерлік мәдениетінің қалыптасуына жақсы жағдай жасамақ. Президент кезекті Жолдауында да азаматтық қоғамды дамыту қажеттілігін, азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесіне кеңінен тоқталды. Жастардың еңбекке қызығушылығын оятып, қай мамандықты болсын қадірлеу қажеттігін айтты. Волонтерлер пандемия кезінде де үлкен күш екенін дәлелдеп, алғы шепте аянбай еңбек етті. Осындай орталықтар азаматтық позициясы бар, белсенді жастардың шоғырлануына, идеяларын айтып, жоспарын бөлісетін алаңға айналады деп сенемін, – деді.
Лига волонтерлерін өңірдегі жастар ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораш орталық жұмысына сәттілік тілеп, бірлескен жұмыстардың жемісті боларын атап өтті.
Орал қаласының волонтері, Лиганың мүшесі Маржан Мырзағалиева орталыққа келіп өзі сияқты достар тапқанын, ең маңыздысы өзінің мақсатын түсінгенін айтады. «Халқымыз үшін сынға айналған пандемия кезінде басқа волонтерлермен бірге жұмыс істедік. Дәрігерлер мен полицияларға тамақ тасыдық, мұқтаж жандарға көңіл бөліп, оларға азық-түлік себеттерін жеткіздік. Сол кезде қанша мұқтаж отбасының барын көрдік. Оларды көріп, біздің көмегіміз қажет екенін түсіндім. Сондықтан волонтерлікті өмірімнің бөлігіне айналдыруды жөн санадым. Конкурстарға қатысып, өзімнің жобамды да ұсынсам деген жоспарым бар», деді ерікті.
Жиын барысында алдағы уақытта аталмыш жоба аясында шағын гранттар берілетіні белгілі болды. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, 300 мың теңгеден басталатын барлығы 107 грант республика жастарының жаңа бастамаларын жүзеге асыруға мол мүмкіндік сыйламақ.
Шағын гранттар конкурсына үкіметтік емес ұйымдар, бастамашы топтар және жеке тұлғалар қатыса алады. Толық ақпаратпен liga.org.kz ресми сайтында танысуға болады.
Бокс: Төрт тастүлек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 00:16
«Адырна» журналы жұмысын уақытша тоқтатты
Оқиға • Кеше
Өнер • Кеше
• Кеше
Ұлы дала өркениеті бастау алған байырғы мекен
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Қытай Таяу-Шығыстың гегемонына айнала ма?
Әлем • Кеше
«Б» жоспары дағдарысқа қарсы қалқан бола ала ма?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Big Tech компанияларының қаржылық мәселесі
Бағдарламалар • Кеше
Александр Бублик Барселона турнирін жеңіспен бастады
Спорт • Кеше
Студенттер тұрмыстық вагонды қолды қылған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы әйелдер
Аймақтар • Кеше
Солтүстік Қазақстанда 740 оқушы коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Шығыс Қазақстан: 70-ке жуық заң бұзушылық анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
2025 жылға қарай 246 ауылға газ тартылады
Қазақстан • Кеше
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады
Кино • Кеше
Сайрамда тойхана спорт кешеніне айналды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
2024 жылға дейін 19 құс фабрикасы салынады
Қазақстан • Кеше
Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады – ҰЭМ
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
Шымкентте карантин талаптары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Мағзұм Мырзағалиев: Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе
Экология • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары бақилық болды
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қоғам • Кеше
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі
Аймақтар • Кеше
Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?
Спорт • Кеше
Петропавлда мас жүргінші әскери жасаққа шабуыл жасады
Аймақтар • Кеше
Ауа райы • Кеше
Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық таеквондошы Испанияда жүлде алды
Спорт • Кеше
Атырауда жоғалған 4 жасөспірім табылды
Аймақтар • Кеше
26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
Қазақстан • Кеше
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Коронавирус • Кеше
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Бағдарламалар • Кеше
Футболдан ҚПЛ ойындарының алтыншы туры аяқталды
Спорт • Кеше
Нотариаттық құпия ұғымы анықталды
Үкімет • Кеше
Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жиі орын алуда
Аймақтар • Кеше
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
SpaceX Қазақстанды интернетпен қамтамасыз етуі мүмкін
Технология • Кеше
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
Аймақтар • Кеше
Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
Елорда • Кеше
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды
Қоғам • Кеше
Өскемен, Семей, Аягөз қызыл аймақта
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар