Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен Отбасы күні аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша онлайн режімде дөңгелек үстел өтті. Iс-шараның мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата-ананың, мектептің және қоғамның рөлін анықтау, балаларға білім беру мен тәрбиенің өзекті мәселелеріне назар аудару.

Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, педагогика қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі әрбір отбасыдағы жетістік те, кемшілік те қоғамның ортақ көрсеткіші екенін алға тартып, мемлекетшіл азамат қашанда отбасынан алған тәрбие мен жалпы қоғамдық құндылықтардан қалыптасатынын жеткізді.
«Өкінішке қарай бүгінде жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіздіктерге жиі куә болып жүрміз. Олардың қатыгездікке бейімділігі, суицид, толеранттылықтың төмендігі, басқа да мәселелер, бұлар бір жақты қарайтын дүние емес. Дегенмен, түп негізінде отбасының рөлі зор деп санаймын. Мемлекетшіл азамат қашанда отбасынан алған тәрбие мен жалпы қоғамдық құндылықтардан қалыптасатыны белгілі. Пандемияға дейін бізде балаға білім мен тәрбие беру ісіне балабақшалар мен мектеп қана жауапты деген пікірлер болды. Қазір карантин кезінде бұл ойдың түбірімен өзгергенін көріп отырмыз. Бала тәрбиесіндегі отбасының, ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі арта түсті. Уақыт бізден отбасы мен бала тәрбиесіндегі құндылықтарға жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр. Мемлекет басшысы кешегі Жолдауда ұлттық болмыс тақырыбында ұлт сапасын арттыруды айтты. Әлем бүгінде күн сайын өзгеріп жатыр. Өмірімізге жаңалықтар жан-жақты енуде. Бұл орайда ұлттық құндылықтар мен заманның озық үлгілерін бір-бірімен ұштастыра отырып, балаға білім беру – біздің басты мақсатымыз. Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік отбасы демографиялық саясаты – біздің министрліктің құзырындағы басты салалардың бірі. Сондықтан бұл бағыттағы жобаларға қашанда ерекше мән беріледі. Атап айтқанда, отбасы институтын дамыту бағытында биыл 6 әлеуметтік жобаға грант бөлінді. Солардың ішінде бала және денсаулық, жастар арасында отбасылық құндылықтар, отбасылық қарым-қатынастарды нығайту жобаларын ерекше атап өтуге болады. Әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру мақсатында үш бағыт бойынша жұмыс топтарын құрдық. Әр жоба қорытындысы бойынша жұмыс топтары отбасы институтын нығайту, балалықты қорғау, гендерлік теңдікті ілгерілету бағытында нақты ұстанымдар әзірлейтін болады», деді А.Балаева.
Сонымен қатар ол министрліктің жанында отбасы институтын зерттеу орталығы жұмыс істейтінін тілге тиек етіп, орталықтың басты мақсаты – отбасы және неке, көпбалалы отбасылар, демографиялық саясат мәселелері боөйынша нақты зерттеулер жүргізу екенін жеткізді.
«Бұдан басқа, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да бірқатар шаралар жүзеге асырылып отыр. Солардың ішінде әсіресе дәстүр мен ғұрып және ұлттық тәрбие жобаларын ерекше атап айтқым келеді. Бұлардың барлығы отбасылық тәрбие, халықтық рухани құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, ұлтаралық қарым-қатынас пен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Жауапты мемлекет, жауапты қоғам, жауапты адам» жүйесін орнату туралы айтты. Бұл міндеттің түбінде қоғамдық тәрбие ұғымы жатыр. Ал тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасында. Сондықтан отбасылық құндылықтың жаңа заманға сай үлгісін жасау – біздің бүгінгі басты мақсатымыз. Бұл орайда қоғамдық талқылаудың, халық пікірінің маңызы қашан да зор», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Іс-шараның модераторы О.Асанғазықызы отбасы саясатын іске асыруда білім беру мекемелерінің, БАҚ-тың белсенді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, Қазақстанда неке және отбасы институтын нығайтуда ұлттық тәрбиені дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Советхан Ғаббасов өз тәжірибесімен бөлісіп, балаларды тәрбиелеу процесінде өзінің кітаптарында баяндалған әдістемелерін қолдануды ұсынды.
«Бүгін көтеріліп отырған мәселе бойынша нақты ұсыныстарды айтқым келеді. Бұл – қоғамды жөндеп, адамды түзеу үшін идеологияға мән беру керек. Үш жүз жылдық бодандық пен 70 жылдық атеистік қоғамнан өттік. Ұлттық идеология жасалмай ұлттық мәселелерді шешу мүмкін емес. Сондықтан ұлттық идеологияның мазмұнына баса мән беру керек. Халықтың байлығы да, тілегі де – ұрпағы. Ұрпақ тәрбиесіне қазір қазақ қана емес, бүкіл әлем халқы баса назар аударып отыр. Адамзат тән тәрбиесінен басқа ұрпаққа ештеңе бере алмай тұр. Адамның мәні жанында. Ұлттық идеология жасалмай мемлекет те болмайды. Ұлттық идеологиясыз мемлекет мұхитта ескексіз жүрген қайық іспеттес. Оның соғылар жері – жағадағы жартас. Міне қазір ұрпағымызбен осы жартасқа соғылып жатқан халықтың біріміз. Сондықтан ең бірінші бүгінгідей жиынның, талқылаудың өткізіліп отырғанына алғыс айтамын», деді ол.
Ал М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов ұлттың жаңа болмысы отбасынан бастап қалыптасатынын айтып, қазақ педагогикасының типологиясын зерттеп, тәрбиені трендке шығару қажеттілігіне тоқталды.
«Әлем елдері екі үлкен жүйеге бөлініп отыр. Біріншісі – англо-саксондық жүйе, екіншісі – шығыстық жүйе. Сонымен қатар шығыстық жүйеге скандинавиялық елдер қосылады. Бұлардың білім беру, тәрбие беру ісіндегі ең басты тренді тәрбиеге беріледі. Сондықтан біздің қазіргі мемлекеттік білім беру және тәрбие саясатында осы трендке, алдымен, тәрбиені шығаруымыз керек. Сонда ғана жастарымыздың, болашақ қоғамның болмысының алғышарттары қалыптасады», деді ол Отбасы күні аясында өткен дөңгелек үстел отырысында.
Оның пайымынша, отбасының негізгі түбірін капитализм жойып жіберді. Капитализм пайда болғаннан кейін жұрт балаларын отбасынан ажыратып, балабақшаға, мектепке берді. Сөйтіп, ата-аналар бала тәрбиелеу ісін балабақша мен мектепке артып қойды.
«Ал қазіргі пандемия кезеңінде бүкіл әлем өздерінің бұрынғы мемлекеттік саясаттарын қайта қарап жатыр. Демек, қазір отбасына үлкен салмақ түсіп отыр. Баланы оқыту да, тәрбиелеу де ата-ананың мойнына артылды. Енді біз қаласақ та, қаламасақ та отбасына көмек көрсетуді ойластыруымыз керек. Меніңше, Мемлекет басшысының Жолдауын негізге ала отырып, мемлекеттік тұрғыдан отбасын қолдау жөніндегі бағдарлама жасақтаған дұрыс болар еді», деді К.Матыжанов.
Жалпы қатысушылар ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар бағытын ескеріп, телеарналардағы бағдарламалар контентін қайта қарауды, орта және жоғары оқу орындарында отбасылық өмірге дайындайтын қосымша курстар өткізу қажеттілігін айтты. Сөз соңында министр А.Балаева жиынға қатысушыларға алғыс білдіріп, отбасы тәрбиесін ұлттық құндылықтармен үйлесімде жүзеге асыру бағытын, ұлттық идеологияны дамыту мәселелері бойынша айтылған ұсыныстарды жұмыс барысында ескеретінін жеткізді.
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Бүгін, 18:45
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 18:42
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Бүгін, 18:35
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Бүгін, 18:22
Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Президент • Бүгін, 18:07
Ақтауда «ИК» тобының кешін ұйымдастырған қонақүй иесіне айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 18:04
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Бүгін, 17:16
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді
Үкімет • Бүгін, 17:06
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 17:02
Атыраулық полицей пәтерге балкон арқылы кіріп, 7 жастағы қызды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтыруда
• Бүгін, 16:36
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Бүгін, 16:10
Шәй қорапшасындағы телефон: Өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Бүгін, 15:59
Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады
Саясат • Бүгін, 15:58
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 15:35
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 15:34
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Бүгін, 15:25
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:23
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Түркия: Бір тәулікте 50 мың адамнның вирус жұқтырғаны анықталды
Әлем • Бүгін, 15:04
Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты кітап фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 14:48
Азия чемпионаты: Валентина Исламова мен Елмира Сыздықова финалға шықты
Күрес • Бүгін, 14:23
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында вакциналау пункті ашылды
Медицина • Бүгін, 13:31
Грузияда локдаунның орнына мемлекеттік демалыс жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:50
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Бүгін, 12:47
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Бүгін, 12:25
Руханият • Бүгін, 12:10
Нысана көздеуден халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:57
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Бүгін, 11:50
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Президенттің сынынан кейін министрлікте жол сапасы талқыланды
Қоғам • Бүгін, 11:37
Баландин мен Мусин Ақтөбедегі лицензиялық ел біріншілігінде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:29
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Бағдарламалар • Бүгін, 11:18
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Балқашта жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Сот шешімін орындамаған азамат қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
505 мыңнан астам қазақстандық вакцина салдырды
Қазақстан • Бүгін, 11:05
Азия чемпионаты: Бүгін және ертең біздің қыздар кімдермен күреседі?
Спорт • Бүгін, 10:56
Сенаторлар ЕАЭО-ның тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң қабылдады
Парламент • Бүгін, 10:43
Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл аймаққа» өтті
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
Экология • Бүгін, 10:27
Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды
Видео • Бүгін, 10:17
Елімізде жұмыссыздық деңгейі өсті
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдарға баспана беріледі
Қазақстан • Бүгін, 09:48
Өткен тәулікте тағы 2641 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:36
2002 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Доллар қайтадан арзандай бастады
Қаржы • Бүгін, 09:22
Грек-рим күресінен Азияның үздіктері кім?
Спорт • Бүгін, 09:21
Сарыала қаздың қаңқылы естілді
Руханият • Бүгін, 08:51
Оқиға • Бүгін, 08:50
Өрт қауіпсіздікті сақтамағаннан шығады
Қоғам • Бүгін, 08:42
Ақмолалықтар Ақкөлге қарап бой түзейді
Технология • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:33
Әлем • Бүгін, 08:30
Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту орталықтары
Оқиға • Бүгін, 08:26
Елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
Оқиға • Бүгін, 08:24
АҚШ әскерін алып кетуге асығар емес
Әлем • Бүгін, 08:16
Індеттің бетін вакцина қайтара ма?
Әлем • Бүгін, 08:14
Ұқсас жаңалықтар