Елорда • 15 Қыркүйек, 2020

Елорда тұрғынынан 9 миллион теңгенің гашиші тәркіленді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан полицейлері аса ірі көлемде 43 жастағы есірткі сатушыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғынынан 9 миллион теңгенің гашиші тәркіленді

Операция елорданың жеке секторларының бірінде белгісіз біреу есірткіні одан әрі сату мақсатында сақтаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат алғаннан кейін жүргізілді.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 1977 жылы туған аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны және сақтағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған, гаражынан салмағы 14 килограмнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленген елорда тұрғынын ұстады. "Қара нарықта" тәркіленген есірткінің ірі партиясының құны тоғыз миллион теңгеден немесе 28 мың бір реттік дозадан асатын еді", делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, тінту барысында есірткі сатушыдан өлшеп-орауға арналған таразы, 2 миллион 243 мың теңге сомасындағы ақша қаражаты және пневматикалық тапанша тәркіленді.