Аңғал адамдар оны толтырып, алаяқтың өзіне жіберген. Ал анау сондағы деректерді пайдаланып, шағын несиелік ұйымдардан несие алып, оларды алданушының карточкасына аударған. Бірақ алдын ала оған хабарласып, "бұрын жұмыстан шығарылған қызметкердің есепшоты болмағандықтан оның ақшасын сіздің атыңызға аударамыз. Ал сіз оны киви-әмиянға аудара салыңыз» деп биязы дауыспен өтінген. Болашақ "жұмыс берушіні" кім алдағы келеді, есепшотына түскен ақшаны бәрі бірдей оның айтқан жеріне аударған. Сөйтіп, өз атына ресімделген несиеден өстіп айрылып қалған. Аударылған қаражат мөлшері 160-тан 220 мыңға дейінгі соманы құраған.
Қазір бұрын сотталған 30 жасар алаяқ ұсталып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу барысында алдауға түскендердің нақты санының қанша болғаны анықталады.
"Онлайн-несиеге қатысты осындай фактілер бұрын да тіркелген. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, бірақ адамдар өздерінің дербес мәліметтерін ұсына отырып, алаяқтардың қармағына түсе береді. Олар төлемдер бойынша берешектің болуы туралы хабарлама ала бастаған кезде ғана несиенің ресімделгені туралы біледі. Осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмас үшін телефон, интернет-ресурстар арқылы кез-келген мәліметтерді ұсынбаған абзал", дейді Петропавл қаласының ПБ бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұхатов.