Технология • 17 Қыркүйек, 2020

А.Балаева "Ашық үкімет" интернет-порталының жұмысын сынға алды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында мемлекеттің органдардағы ақпараттық жүйелердің деректерін талдау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz

А.Балаева "Ашық үкімет" интернет-порталының жұмысын сынға алды

"Өкінішке қарай, мемлекеттік органдардың "Ашық үкімет" интернет-порталына сын айтуға тура келіп отыр. Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері деректерінің жаңаруы 60 пайыздан да төмен екен. Бұл мәселені тұрақты түрде саралап отыру керек. Өйткені Президент осындай талап қойып отыр", деді А.Балаева.

Бұдан өзге ведомство басшысы квазимемлекеттік сектор саласындағы ақпарат ашықтығын бақылауға алуды және бұл мәселеге немқұрайды қарап отырған басшыларды жауапқа тарту керектігін алға тартты.

"Біз комиссия отырысында осы мәселеге немқұрайды қарап отырған мемлекеттік органдарды тыңдаймыз. Егер ешқандай нәтиже болмаса, бұл мәселеге қатысты біздің де, комиссияның ұсыныстары болады. Бұл − басшыларды жауапқа тарту мәселесі. Енді қайта-қайта бір мәселені айта беруге болмайды ғой. Себебі комиссияда бірталай осы мәселе көтерілді. Сондықтан бұл жұмысты жетілдіру керек. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары осы мәселені бақылауға алуы қажет", деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.