Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020

Жаңа ғимаратты жөндеу үшін 60 миллион теңге бөлінген

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірдегі аудан  орталығы Ақтоғай ауылында Төтенше жағдайлар бөлімі мен "Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" жаңа ғимаратқа орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа ғимаратты жөндеу үшін 60 миллион теңге бөлінген

Бұрынғы ветеринарлық стансаның ғимаратын жөндеу және аумақты абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 60 миллионға жуық қаражат жұмсалды.  

Өрт сөндірушілерге арналған "Урал" автоцистернасы республикалық қазынадан бөлінген 38 миллион 800 мың теңгеге сатып алынды.

Аудандық Төтенше жағдай бөлімі үшін облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа ВАЗ-2121 автокөлігі 5 миллион 987 мың теңге.

Төтенше жағдай бөліміне берілген ғимарат та, басқа  көлік, құралдардың  құны тым  қымбат екені байқалады,  қыруар қаражат кеткен шығын ақталар деген үміттеміз.  

Жаңа нысанда өрт сөндіру және қызметтік көліктерге арналған 4 бокс, кабинеттер, асхана, оқу сыныбы, спорт залы, музей, арнайы құралдарды қоятын жай, диспетчерлік байланыс торабы орналасқан.  


Павлодар облысы,

Ақтоғай ауданы