Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға сағат 21.20 шамасында Ақтоғай ауданы Қараой ауылы маңындағы Ленин – Русская Поляна автожолының 117 шақырымында орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты

Рavlodarnews.kz порталының мәліметінше, "Реdо" мотоциклінің 35 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы жолға шығып, 69 жастағы зейнеткердің басқаруындағы "Тойота Корона" автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында мотоцикл жүргізушісі мен 55 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Мотоциклда  отырған тағы бір жолаушы, 46 жастағы ауыл тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік пен мотоцикл айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр", деді облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Сол күні, бірнеше сағат бұрын, сағат 12.50-де Тереңкөл ауылында "ВАЗ 2104" автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі көшені кесіп өтіп бара жатқан 64 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.

Айта кету керек,  2020 жылдың 8 айында Павлодар облысының аумағында 369 ЖКО тіркелген,  салдарынан 32 адам қаза тапты,   515 адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше