Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020

Шетелде оқу үшін әскери қызметшілерді іріктеу қағидаларына түзетулер енгізіледі

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелде оқу үшін әскери қызметшілерді іріктеу қағидаларына түзетулер енгізіледі

Қағидалар "Қорғаныс және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 2-тармақтың 26-21) тармақшасына сәйкес дайындалды.

Қағидалармен "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңы 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкестікке келтіру мақсатында өзгерістер енгізу, сондай-ақ ҚР ҚК әскери қызметшілерінің шетелдік білім беру ұйымдарында оқу тәртібінің өзгерістеріне байланысты шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімі мен тәртібін  түзету көзделген.

Қағидаларды қабылдау әскери білім бойынша нормативтік құжаттар базасын сәйкестікке келтіруді қамтамасыз етеді.