Саясат • 18 Қыркүйек, 2020

Эфиопияда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Эфиопия Сыртқы істер министрлігінің экономикалық дипломатия және диаспора істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Сион Теклумен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эфиопияда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Кездесу барысында Елші ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.

Елші Қазақстан халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілету үшін Еуразиялық Экономикалық Одаққа, сондай-ақ "Бір Белдеу, Бір Жол" жобасына қатысумен байланысты кең мүмкіндіктерді барынша пайдаланатынын атап өтті. Тікелей және портфельдік инвестицияларды тартудың негізгі құралына айналу үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуеті белсенді пайдаланылатын болады.

Б.Садықов, сондай-ақ АХҚО қызметі туралы хабардар етіп, Африка, әсіресе Эфиопия бизнесмендері орталықтың ауқымды Еуразиялық нарыққа ену мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалана алатынын атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасты. Мұндай ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті және оны ашуға күш салу қажеттілігі атап өтілді. Ү.ж. қарашада екі елдің мемлекеттік құрылымдары мен бизес-орталары өкілдерінің қатысуымен экономикалық мәселелер бойынша бірлескен он-лайн конференция өткізу мәселелері талқыланды. Эфиопиялық тарап аталған конференцияға Сыртқы істер министрінің орынбасары деңгейінде қатысатынын растады.

Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды орнату және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін 2021 жылдың бірінші жартысында қазақстандық ресми делегациялар мен бинес топтар делегациясының Эфиопияға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ц. Теклу Жолдауға қызығушылық танытып, оның әлеуметтік-экономикалық даму мен реформаларда үлкен жетістіктерге жеткен елдің тәжірибесін алу тұрғысынан үлкен қызығушылық тудыратынын атап өтті. Ол Эфиопия Премьер-Министріне Жолдаудың негізгі идеяларына қатысты ұсыныстар жіберуді қарастырады.