Жүзу құралдарын қарап-тексеру кезінде шекара жасағы жалпы салмағы 245 кг 64 дара балық аулауға тыйым салынған бекіре тұқымдас балықтарды анықтады.
Сондай-ақ құқық бұзушылар ауларды орналастырған жерлерді оңай анықтау үшін қолданатын браконьерлік аулау құралдары мен GPS навигаторлары табылды.
Түнде әрекет еткеніне қарамастан, браконьерлерді шекара жасағы дер кезінде анықтады.
Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті шекара жасағы құрамының үйлесімді іс-қимылдарының арқасында мемлекетке 100 миллион теңгеден астам сомаға келтірілген залалдың алдын алды.
Қазіргі уақытта ұсталған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Алынған балық аумақтық ішкі істер органдарына берілді.