Қоғам • 20 Қыркүйек, 2020

Ленинград облысында қазақстандық жауынгерді қайта жерлеу рәсімі өтті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов «Невский Пятачок» атты плацдармында кеңес жауынгерлерінің сүйектерін қайта жерлеуге арналған аза тұту рәсіміне қатысты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Ленинград облысында қазақстандық жауынгерді қайта жерлеу рәсімі өтті

421 жауынгердің арасында Солтүстік Қазақстан облысынан шақырылған сарбаз Ельцов Филипп Иванович те жерленді. Ф.Ельцов 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Березники ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы майданға шақырылып, ал 1943 жылдың тамызынан бастап хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болды. Әскери борышын атқару барысында Ф.Ельцов «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.

Қазақстандық жауынгердің жақын туыстары оны Ленинград облысында өзінің сарбаздарымен бірге жерлеуге ниет білдірді.