Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2020

Елімізде теміржол көлігімен тасымалданатын жүк көлемі 4,4 % артты

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында теміржол көлігімен тасымалданатын жүк көлемі едәуір артқан, деп хабарлайды Egemen.kz energyprom.kz cайтына сілтеме жасап.

Елімізде теміржол көлігімен тасымалданатын жүк көлемі 4,4 % артты

Жолаушылар үшін теміржол көлігі қызметі бір жылда 10%-ға қымбаттады.

Қаңтар-тамыз айларында темір жол көлігімен 267,2 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4-%-ға артық.

Тікелей жүк тасымалы тамыз айында 35,2 млн тоннаны құрап, 2020 жылдың шілдесімен салыстырғанда 0,7%-ға және өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,3%-ға төмендеді.

Жүк айналымы 4,4% - ға, 194,1 млрд ткм-ге дейін өсті. Ағымдағы жылдың тамыз айында жүк айналымы 25,4 млрд ткм құрады. Бұл шілдемен салыстырғанда 1,1%-ға және өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 4,5%-ға аз. Тамыз айында жолаушылар теміржол көлігі қызметі 9,9% - ға қымбаттады.

Өңірлер арасында бағаның өсуі Түркістан облысының тұрғындарына айтарлықтай әсер етті: жылдық өсім 23,8%-ды құрады. Сондай-ақ, Ақмола облысында (15,8% - ға) және Алматыда (15,1% - ға) да бағалар өсті. Ақтөбе (0,1%-ға), Қызылорда (1,5% - ға) және Батыс Қазақстан (1,6% - ға) облыстарында қызметтер біршама қымбаттады.