Бизнес • 24 Қыркүйек, 2020

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілді

605 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытына енгізілген түзетулерге сәйкес, микро және шағын бизнес те бағдарламаға салалық шектеусіз қатыса алады. Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілді

Осы бағыт бойынша номинал сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық пайыздық мөлшерлемеден аспауы керек және 8,5 пайыздық пунктке ұлғайған, кәсіпкер үшін несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%-ды құрайды.

Кәсіпкер үшін номинал мөлшерлеме мен соңғы мөлшерлеме арасындағы айырмашылықты мемлекет субсидиялайды (кәсіпкерге өтемақы төленеді). Үкіметтің шешімімен мемлекет «Даму» қоры арқылы несие және микроқаржылар бойынша пайыздық мөлшерін портфельдік субсидиялап, кепілдік береді. Сәйкесінше, несие туралы шешімді банк немесе микроқаржы ұйымы қабылдайды, ал несиеге субсидия және кепілдік беру туралы шешім хабарлама сипатында болады. Айналым қаражатын толықтыруға арналған несие бойынша максимал сома екі жылға дейінгі субсидиялау мерзімімен 5 млн теңгеден аспайды, ал несие жаңартылмайтын  негізде беріледі. Инвестиция мақсатындағы несиенің максимал сомасы − үш жылға дейінгі субсидиялау мерзімімен 20 млн Бір борышкердің қолына тиетін шекті қаржы − 20 млн теңге. "Даму" қорының кепілдігі несие сомасының 85%-ын құрайды.

Бүгінгі күні "Даму" Қоры портфельдік субсидиялар мен кепілдіктер туралы екінші деңгейлі үш банкпен ("Сбербанк" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "БанкЦентрКредит" АҚ) келісімшарттар жасасты. Жақын арада бағдарламаға қатысуға ниет білдірген басқа ЕДБ және МҚҰ-мен келісімшарттар жасалады деп жоспарланған.

Бағдарламаның осы бағытының маңызды және жағымды айырмашылығы – қаржыландыру туралы шешім тек банк немесе микроқаржы ұйымы деңгейінде қабылданады. Бұл тәсіл несие алуға өтінімді қарау мерзімін айтарлықтай қысқартады және кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктермен және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен қарым-қатынасын жеңілдетеді.

"Бағдарламадағы бұл жаңалық, елдегі кәсіпкерліктің дамуына және кәсіпкерлердің қаржылық ауыртпалығын жеңілдетуге сөзсіз ықпал ететін, қазіргі күрделі жағдайда Үкімет ұсынған мемлекеттің жедел және маңызды шешімі. Бұл мемлекеттік қолдау құралы халық арасында кәсіпкерлік ынтаның дамуына серпін береді, екінші деңгейлі банктер арқылы несие алуға шешім қабылдай алмай жүргендерге түрткі болды", дейді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Нұрсұлтан Абдолла.