Кәсіпқой бокс • 25 Қыркүйек, 2020

Кособуцкийдің қарсыласы кім?

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қазанда Германияның Дюссельдорф қаласында өтетін кәсіпқой бокс ке­шін­де 31 жастағы қа­зақ­­­стан­дық Жан Косо­­буц­кийдің кіммен жұды­рық­та­сатыны белгілі болды.

Кособуцкийдің қарсыласы кім?

Аса ауыр салмақта күш сынасып жүрген Жан кезінде әуесқойлар арасында да табысты өнер көрсеткенін жанкүйерлер жақсы біледі. Ол – Қазақстанның үш дүркін чемпионы және екі дүркін жүлдегері. 2013 жылы жерлесіміз Дүниежүзілік Универсиадада күміс медальді мойнына ілді. 2017 жылдан бері кәсіпқой рингте бақ сынап жүр. Сол аралықта 14 рет шаршы алаңға көтерілген Кособуцкий барлық жекпе-жегінде жеңіске жетті. 13 қарсыласын нокаутқа жіберді.

Отандасымыздың қарсыласы да осал емес. 31 жастағы АҚШ боксшысы Джеймс Мак­кензи Моррисон 19 кездесу өткізіп, 17 рет ұтты. 15 бәсекені ол мерзімінен бұрын аяқтады.

 

 

Соңғы жаңалықтар