Оңтүстік Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2020

Түркістанда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 260 млрд теңге болды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 8 айдың қорытындысымен Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 260 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 28%-ға өскен. Аталған соманың 41,5% пайызын жеке инвестициялар құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 260 млрд теңге болды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Иса Құдабеков осындай деректер келтірді.

"Өңірде 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулы құрылған. Мұның аясында 1,8 трлн теңге сомаға 201 жоба қолға алынып отыр. Бүгінгі күні 2020 жылғы жобалардан 31,5 млрд  теңге сомасына 9 жоба іске қосылып, 407 жұмыс орны ашылды. Ал шетелдің қатысуымен 25,8 млрд теңге сомасына 2 жоба жүзеге асырылып, 160 жұмыс орны ашылды",  деді басқарма басшысы.

1

Сондай-ақ Иса Құдабеков облыс әкімінің басшылығымен стратегиялық сипаттағы инвесторлардың мәселелерін қарайтын инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік кеңес жұмыс істейтінін атап өтті. Ал инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі Turkistan Invest өңірлік агенттігі инвесторлар үшін фронт-офис қызметін атқарады және "бір терезе" қағидаты бойынша қолдау көрсетеді. Биыл жүзеге асқан 9 жоба Turkistan Invest агенттігінің тікелей сүйемелдеуімен іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар