Оқиға бүгін жергілікті уақыт бойынша таңертең сағат 9.00-де болған. Қызметтік тапсырмаларды орындау кезінде Сербия армиясының Миг – 21 ұшағы Мали-Зворник қаласына жақын орналасқан Брасина ауылының маңында апатқа ұшыраған.
Жергілікті БАҚ ұшақта болған пилоттың апат кезінде қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.