- Айыппұл борышын өтеуден жалтарған 4 жүргізуші ұсталып, көліктері арнайы автотұраққа қойылды. Төртеуі де Ресейде тіркелген автокөліктер. Тексеру барысында автокөлік иелерінде міндетті сақтандыру шарты болмай шықты. Яғни, осы күнге дейін көліктерін құжатсыз жүргізіп келген. Сондықтан бұл азаматтарға қатысты әкімшілік іс қозғалды, деді облыстық ПД әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Серік Әбдіқалықов.
Жыл басынан бері облыс полицейлері сот орындаушыларымен бірлесе отырып 59 рейд шарасын өткізген. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген бұл шаралар барысында тәртіп сақшылары негізінен тұрғын үйлер мен аулаларды аралап, борышкерлерге өз айыппұлдарын белгіленген мерзім ішінде өтеуі керектігін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы С.Әбдіқалықовтың сөзінше, айыппұл төлеу туралы қаулыны уақытында орындамаған азаматтарға заң күші қолданылады. Мұндай әкімшілік материалдар айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін сот орындаушылары мен борышкерлердің жұмыс орындарына жіберіледі.
Қостанай облысы