"Барыстың көзге түсуі - ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар нақты шараларды қабылдап, жүзеге асырмақ. Жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр: "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы көзге түсті . Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі соңғы рет көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде байқалып еді", дейді Экология министрі.
Бұдан бөлек, ол жойылып кету алдында тұрған жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана екенін еске салды.
Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. БҰҰДБ Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатқан.