Оқушылардың ата-аналары мектептен алған планшеттердің техникалық талапқа сай еместігін айтып, заңды органдарға шағымданған. Сөйтіп түрлі ақаулар табылған алты құрылғыға диагностика жасалып, кейін олардың талапқа сай еместігі анықталды.
"1019 планшеттен зауыттық ақау анықталды. Мұның бәрі жеткізушіге берілді, олар техникаларды ауыстыруға міндеттеме берді", деді республикалық арнайы бақылау тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Хасанов.
Алматыда барлығы 22 мың планшет сатып алынған. Олардың әрқайсысы 60 мың теңге тұрады.