Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Қарттар күніне орай елордада қандай шаралар өтеді

697 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қарттар күнін 1 қазанда атап өту дәстүрге айналған. Мереке халықаралық мәртебеге ие, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарттар күніне орай елордада қандай шаралар өтеді

Нұр-Сұлтанда ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасауға үлкен көңіл бөлінеді. Қамқоршылық қорлары бар, еріктілер жалғызбасты зейнеткерлерді назардан тыс қалдырмайды, қарттарға арналған түрлі акциялар өткізіледі.

1 қазанда дәстүр бойынша мәдениет мекемелері онлайн да, оффлайн режимінде де көптеген іс-шаралар өткізеді. Экскурсиялар мен кездесулер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып өткізіледі.

Тәуелсіздік сарайында келесі іс-шаралар күтілуде:

30 қыркүйекте сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Тәуелсіздік сарайы қорынан «Күз бояулары» атты сурет көрмесі өтеді.

1 қазанда қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме үшін «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты көшпелі көрме жоспарланған. Өтетін жері: Аққорған көшесі, 2.

10: 00-ден 17: 00-ге дейін мүгедектер мен ардагерлер одағына ақысыз экскурсия өтеді.

Nomad City Hall 1 қазан күні сағат 18: 30-де Ж.Шайхисламұлының «Қыз Жібек» спектаклін көрсетеді.

Триумфалды арка 1 қазанда әлеуметтік желілерде Халықаралық қарттар күніне арналған бейнеролик ұсынады.

1 қазанда «Астана-Бәйтерек» монументінде зейнеткерлерге арналған экскурсиялар өтеді.

4 қазанда «Жастар» театрлары «...Увидеть бы тебя, отрок влюбленный» сахналық сюжетін түсірілімнен үзінді көрсетеді. Видеоны әлеуметтік желілерден көруге болады
Instagram:
https: instagram.com/zhastar_teatry/
Facebook:
https: facebook.com/zhastar.theatry
YouTube:youtube.com/channel/UCzEf5NeTbO5BHeFcNott.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 1 қазанда сағат 10: 00-де театрдың Instagram, Facebook, YouTube.com сайттарындағы ресми парақшаларында ұжымның қарттар күніне арналған құттықтау блогын көрсетеді. 17: 00-де театрдың YouTube каналында «Кеш» спектаклінің тікелей эфирі болады.
(авторы: А. Дударев, реж. Б. Ұзақов). 19: 00-де «Қымбатты Памела» спектаклінің тікелей эфирі болады (автор: Дж. Патрик. Режиссер: Ю. Ханинга).

«НАЗ» мемлекеттік би театры 1 қазанда сағат 15: 00-де «Қариялар – халық қазынасы» қарттар күніне арналған шарасын өткізеді.

1 қазанда Нұр-Сұлтан әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бірқатар кездесулер мен көрмелер өтеді деп күтілуде.

Бейбітшілік және келісім сарайы 1 қазан күні сарайдың зейнеткерлеріне «Қарты бардың қазынасы бар» тақырыбында экскурсия өткізеді. Халықаралық музыка күніне және қарттар күніне орай «Туған жер» балалар студиясының бүлдіршіндері С.Еркімбековтың «Добрая мечта» құттықтау әнін орындайды.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 1 қазанда сағат 18: 00-де У.Апрелскаямен тікелей эфир өткізеді. Сағат 19: 00-де театрдың YouTube каналында Р.Бердің «Смешанные чувства» спектаклінің тікелей эфирі күтілуде.

Сәкен Сейфуллин мұражайы Instagram-дағы @Seifullin_museum, @bizbirgemiz аккаунттарындағы «Арамызда жүрсе екен қарттар аман» бейнеролигін көрсетеді.

Қуыршақ театры Instagram, Facebook, Youtube каналында 1 қазанда сағат 11: 00-де кішкентай көрермендердің «Мы вас Любим» атты құттықтау видеосын көрсетеді. «Мои любимые бабушка и дедушка» әңгімелер байқауының нәтижелері 18: 00-де Instagram мен Facebook парақшаларында және қуыршақтардың мерекелік концерті болады деп күтілуде.

«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Малиновка» іздеу клубының өкілдері мен мүшелерінің қатысуымен «Аманат – «АЛЖИР» ҚҚ-мен бірлесіп 1 қазанда «Дорогие мои, старики!» тақырыбында іс-шара өткізеді.

1 қазанда Мемлекеттік академиялық филармония Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» «Шалқыма» халық би ансамблінің онлайн-құттықтауын көрсетеді және «Қарттарым – асыл қазынам» жалпықалалық іс-шарасына қатысады.