Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Атырауда жол құрылысы видеоға түсіріледі

1581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев жол құрылысының барысын видеоға түсіруге тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда жол құрылысы видеоға түсіріледі

"Қалалық әкімдікте өткен кеңесте жол құрылысының сапасы туралы мәселе қаралды. Онда жаңадан төселген асфальттан алынған керндерді зерттеу нәтижесінің қорытындысы талқыланды. Соның ішінде асфальттың қалыңдығында да, төсемінде де бұзушылықтар байқалған", деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жаңа асфальт ескінің үстіне төселген. Осыған байланысты қала әкімі Қайрат Оразбаев техникалық және авторлық қадағалау қызметтеріне салынып жатқан жолдардың әрбір учаскесін бақылауға алуды тапсырды. Мердігер мекемелерге қаладағы жол құрылысының процесін видеоға түсіруге нұсқау берілді.